Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратДенсаулықҚоғамСпорт

ҚАРТТЫҚТЫҢ БЕЛСЕНДІ БЕЛЕСІНЕ

Скандинавиялық жүріс –бүгінде әлемде ең қарқынды дамып келе жатқан спорттардың бірі. Финдляндиялық шаңғышы Юхе Мието жаттығу мақсатында ойлап тапқан бұл жүріс дәрігерлер мен дене шынықтыру мамандарының назарына ілігіп, 1990 жылдардың соңында спортта «скандинавиялық жүріс» деген атаумен дене жаттығуының жаңа түрі пайда болды.

Өтеген батыр ауылының егде жастағы «Белсенді ұзақ өмір» тобының қарттары да бұл спорттан қалыс қалған жоқ. Тіпті осы спорт түріне арналып ардагерлер кеңесі жанынан  топ та ашылса керек. Скандинавиялық жүріспен айналысқанына 6 ай болғанымен, құрамында елуге жуық әр түрлі салада еңбек етіп зейнетке шыққан ата-апалар бар.  Ұйым мүшесінің жетекшісі Любовь Дмитиревна: «Белсенді ұзақ өмір» тобын құру қажеттіліктен туындап отыр. Мен өзімді үйде отырып, қарайып қаламын ба деп Түркісіб ауданындағы дәл осындай топқа барып қосылатынмын. Маған көрші ауданға қатынай беру қиындық тудырғаннан кейін өзіміздің Өтеген батыр ауылында ұйымдастырғым келді. Осы ойымды қолдағандар көбейіп, жаттығуды бастап кеттік. Жатығу қиын емес. Мысалы: Жаяу жүрмес бұрын денені қыздыру керек, оның барысында денені қыздырып, оны жүріске дайындау керек, ал жаяу жүргеннен кейін денені қозғалту және тыныс алуды қалыптастыру керек. Бүкіл жаттығудың оңтайлы уақыты – бір сағат. Оны аптасына үш рет өткізген жөн. Ешқандай қарсы көрсетілімдер жоқ: біз үшін серуендеу физиологиялық жаттығу. Скандинавия жүрісінің ережесі оңай, алдымен оң аяқпен алға қадам басқан кезде сол қол шығарылады, келесі қадам — керісінше. Бұл адамдар үшін табиғи жүру тәсілі. Өңіріміздегі барша азаматтардың, қарттардың тыныс алуын жақсартып осы ерекше спорт түрімен айналысуы денсаулығына тигізер пайдасы зор дер едім. Тәні саудың – жаны сау», — деп Любовь Дмитриевна барша аудан тұрғындарын скандинавиялық жүріспен айналысуға шақырды.

Любовь Дмитиревнаның бұл бастамасын Энергетический ауылдық округінің әкімі Қ. Рахымбаетың тікелей бақылауында. Оларға жергілікті тұрғындар арасынан жаттықтырушы да тауып беріп, жалдап  күнделікті жаттығуларын өткізіп жүр. «Белсенді ұзақ өмір» тобының жаттықтырушысы Фомичева Елена қарттардың скандинавиялық жаттығуның бірқалыпты өтуіне зор ықпал етуде.

Біздің елімізде скандинавиялық жүріс енді дамып келеді. Егде жастағы көп адамдардың айналысатынын байқағандықтан болар, кейбірі бұл спорт түрі тек қарттарға арналған десе, енді бірі бұл спорт түрінен хабарсыз. 2000 жылы «Халықаралық скандинавиялық жүріс қауымдастығы» (INWA) құрылды. Бүгінде бұл спорт әлемнің 40-қа жуық елінде кеңінен танымал. Оны «солтүстік жүріс», «норт жүрісі», «фин жүрісі» деп те атайды.

Скандинавиялық жүріспен кез келген адам айналыса алады. Арнайы дайындықты, киім не болмаса дайындалатын орынды қажет етпейді. Ең маңыздысы және керегі скандинавиялық таяқшалар мен ыңғайлы аяқ киім. Бұл спорт түрімен айналысқанда бұлшық еттің 90% шынығады екен. Ал омыртқа мен буындарға түсетін күш 30% төмендейді, жүрек соғысы жиілеп, қан тамырына жағымды әсер етеді. Қос таяқпен жүргенде адам миының 2 жарты шары да жұмыс істейді. Бұл «Паркинсон», «ұмытшақтық» сияқты аурулардың алдын алуға көмектеседі. Скандинавилық жүрістің пайдасы: артық салмақ кетеді; жүрек пен өкпенің жұмысы жақсарады; жүрек-тамыр жүйесі сергіп қалады; ақырындап тірек-қозғалыс аппаратының жұмысы да  жөнделеді екен.

Бағдат ШОЙБАС

Басқа жаңалықтар

Back to top button