Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыКеген келбетіҚоғамМәдениет

ҚАРТЫ БАР ҮЙДІҢ — ҚАЗЫНАСЫ БАР!

Ежелден қартына қазынасындай қараған дана халқымыз. Ақылы дария қарттымызды халықаралық мерекесі Кеген ауданының орталығы Кеген ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен Кеген аудандық мәдениет үйінде кең ауқымда аталып өтті. Салтанатты жиынға: Кеген аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Сабыр Досымбеков, абыз ақсақалдар: Есімбаев Рақым, Нүптекеев Байқонақ аталарымызбен бірге тыл ардагерлері: Қайыңбаева Азият, Қосаева Сара, Сағынбекова Ұлдымекен апаларыз және алтын құрсақты аналарымыз: Мұқанова Күләш, Абаева Зина тағы басқа да Кеген аулының қарттары қатысқан. Кеген аудандық мәслихатының хатшысы Алмасбек Нұғыман, Кеген ауылдық округінің әкімі Руслан Масенов, Кеген аудандық мәдениет үйінің директоры Нұрмаман Оқас мырзалар арнайы құтықтауларын айтып, жылы лебіздерін білдірді.

«Қариялар – даналық пен өмір тәжірибесінің қайнар көзі. Сондықтан ақсақалдарымыз бен алтын құрсақты аналарымыз көрсеткен құрметіміз жәй жиынмен шектелмейді. Қарт адамдарға, әкелерге және аналарға құрмет көрсетілмейтін мемлекет, құлдырауға жақын. Еліміздің ертеңі үшін еңбек еткен қарияларымыз ешқашан төрден түспесін» Кеген ауылдық округінің әкімі Руслан Кеңесжанұлы.

«Ел ішінде қазыналы қартың болса, жазылып қойған хатың» деген Төле би бабамыз. Ұрпақтар сабақтастығын жүзеге асырып, халқымыздың сан мыңдаған жылғы тарихын да, бабалардың ерлігі мен ел шежіресін де ғасырдан ғасырға жеткізген осы қарттарымыз. Қарияларға көрсеткен құрметі – өткенге тағызым екенін білетін ел азаматтары ауылымыздың қарттарына арнайы сыйлықтарын табыс етті.

— «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші бүгінгі салтанатты шараға демеушілілік көрсеткен Жұмаш Суатаев ағамыз бастаған Кеген ауылдық округі шаруа қожалық иелеріне рахметімді айтамын. Бірлігіміз жарасқан, берекеміз ел асқан ауыл қалпымыздан ажырамайық, — деп ауылдық округі әкімі өз ризашылығын білдірді.

«1 қазан Халықаралық қарттар күніне» арналған салтанатты жиын соңы ауданның өнерпаздарының қатысумен өткен мерекелік концертке ұласты.

Мақпал Шадан

Басқа жаңалықтар

Back to top button