Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратКеген келбетіҚоғам

Кегенде ауданында қандай өзгерістер бар?

Алматы облысында Кеген ауданы аграрлы аудан ретінде белгілі. Басымдылық – мал шаруашылығында. Соңғы жылдары жер тапшылығы мен қуаңшылық ауданды тек аграрлы бағытта ұстап отырудың қате екенін көрсетуде. Сондықтан, туризм мен өндірісті дамуды жөн көрген. Аудан бұрыннан Көлсай мен Қайыңды көлімен, атақты Мыңжылқы жайлауы және көптеген керемет құбылысымен атақты. Соңғы жылдары Көлсайға келетін туристердің де саны артқан. Салыстырмалы түрде: 2021 жылы Көлсайға келушілер саны 185 мың адам болса, 2022 жылы 210 мыңға жеткен. 2023 жылдың 9 айында 213 мың турист қонақ болған екен. Әрине, туризмді дамыту үшін кедергілер де жоқ емес. Әсіресе, инфроқұрылым жағы ақсайды. Одан кейінгі кезеңде – тиісті саланың мамандары. Егер осында мәселелер шешілсе, Орта Азиядағы туризм саласын дамытуға жақсы мүмкіндік бар. Онымен қоса тек Көлсай емес, туризмді аудан бойынша дамыту жобасы қолға алынбақ.

Ауданда «Мойнақ» СЭС-інен басқа ірі өндірістің жоқ екенін ескерсек, ауадай қажеті – осы сала. Ол жөнінде де біраз дүние жобалау сатысында. Ал жақында іске қосылатын ірі өндіріс орны да жоқ емес. Ол – «КегенгМясопром» ЖШС-і. Қазіргі таңда 85 пайыз жұмысы аяқталған. Осы жылдың аяғына дейін іске қосуды жоспарлап отыр. Тәулігіне 25 тонна ет өңдейді деген кәсіпорынның жобалық құны – 4,5 млрд. теңге. «50 адамды жұмыспен қамтимыз» дейді кәсіпорын басшысы. Етпен қоса мал терісі мен жүнін де өңдемек.

Кеген ауданының орталығы Кеген ауылында 20 жалдамалы түрғын үй қолданысқа жақын арада берілмек. Тағы да жобалық құны 1 млрд теңге болатын 30 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Үй кезегінде 500 ден астам адам тұрғанын ескерсек, бұл цифрлар аздық етеді. Десе де жыл сайын халықты жаңа үймен қуантып жатқаны көңіл көншітеді.

Таулы аймақтағы тағы бір қуантарлық жоба – бұл «Бестөбе» су қоймасындағы  «FISHTECH» форель шаруашылығы. Жобаның жалпы құны 400 млн. теңге. Жылдық қуаттылығы – 500 тонна форель балығы. Балықты Норвегия әдісімен өсірмек. Норвегия мен Кеген ауданының ауарайындағы ұқсастықты ескерсек жобаның сәтті болуының мүмкіншілігі жоғары. 18 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды деп жоспарланған.

Бұл жобалар Кеген ауданының даму жоспарындағы жобалардың бір парасы ғана. Әрине, әр жобаны бастаған кезде түрлі кедергілер мен тәуекелдер болуым мүмкін. Олардың бәрі уақытша екені анық. Тек әтеген-айы, ауданның дамуы үшін сапалы жол керек. Шалғайдағы Кеген мен Райымбек ауданы үшін сапалы жол тек қиялында ғана.

Мақпал Шадан

Басқа жаңалықтар

Back to top button