Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратЕскелді айнасыҚоғам

ПАРТИЯ ЖОБАСЫ ЖАНДАНДЫ

Дәстүр бойынша 1 қазанда Қазақстанда Қарттар күні атап өтіледі.1991 жылдан бастап Халықаралық қарттар күні 1 қазанда атап өтіледі. 1990 жылдың желтоқсан айында БҰҰ Бас Ассамблеясының 45-ші сессиясында бұл мереке Халықаралық егде адамдар күні деп жарияланды.

Бұл мереке біздің қоғамда өзінің өмір жолымен басқаларға үлгі болған, сондай-ақ адал еңбегімен, еліміздің өнеркәсіптік, ғылыми және мәдени әлеуетін қалыптастыруға қосқан үлесімен бүкіл жұрттың құрметіне ие болған адамдарға құрмет көрсету күні ретінде кеңінен таралды. Осы мерекелік күнге орай «AMANAT» партиясы Ескелді аудандық филиалының төрағасы Айдын Ықыласұл, аудандық мәслихат хатшысы Қанат Нүсіпжанұлы, аудандық мәслихат депутаттары және «Алдаберген» және «Қайнарлы» бастауыш партиясының белсенді мүшелері Даулет Садырұлы және Жалғас Бақытұлы «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында, «Қарттарым, аман-саумысың?!» акциясын ұйымдастырды.

Акцияның басты мақсаты – егде жастағы адамдардың мемлекет пен қоғам алдындағы еңбегін құрметтеу және мойындау, сондай-ақ олардың проблемалары мен қажеттіліктеріне, өмір сүру сапасын арттыру қажеттілігіне назар аудару, оларға жалпыға бірдей қамқорлық көрсету, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту. Акция аясында ауданымыздың ардагерлерінің үйіне барып , мерекелерімен құтықтап азық-түлік себеттер табысталды.

Мұндай ізгілікті шараларға ардагерлер дән риза. Қарттарды қадірлеудің тамаша үлгісін көрсетіп жүрген «AMANAT» партиясының мүшелері алғыс алуды жалғастырып келеді. «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасының аясында алдағы уақытта да қарияларға көмек көрсетілетін болады.

М. МАКСЫМ

Басқа жаңалықтар

Back to top button