Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратКеген келбетіҚоғамСпорт

АҚЫЛ-ОЙДЫҢ СПОРТЫН ДАМЫТУ ШАРАСЫ

Кеген ауданы Шырғанақ ауылында Аудандық бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығының ұйымдастыруымен «Халықаралық Қарттар күні» мерекесіне арналған ардагерлер арасында шахмат пен дойбыдан аудандық жарыс өтті. Ақыл-ой спорты сайысына қатысушыларға  Кеген ауданының «Бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы» КММ-нің директоры Мұқанқожаев Гайдар Әріпбайұлы, Аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Досымбеков Сабыр ақсақал, Шырғанақ ауылының әкімі Сарыбаев Ернар құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушы ақсақалларға сәттілік тіледі. Жарысқа барлық ауылдық округтерден ардагерлер мен ақсақалдар қатысты.

Жарыстың қорытындысында:

Шахматтан:

1-орын Ақыжанов Токмуханбет;

2-орын Құрақбаев Базан;

3-орынды Белгібаев Бейсенхан жеңіске жетті.

Дойбыдан:

1-орын Қаптағаев Қатубек;

2-орын Садыбеков Тоқтабай;

3-орынды Халықов Нұрлан жеңіске жетті.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Аудан әкімінің дипломдарымен, Аудандық бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығының тиісті дәрежелі дипломдарымен, медальдарымен, ұйымдастырушылардың бағалы сыйлықтарымен, сонымен қатар Варшава қоғамдық ұйымының арнайы дипломдарымен марапатталды.

Жарысты Шырғанақ ауылы жоғары деңгейде ұйымдастырылыпты. Келесі ақыл-ой спорты сайысы 2024 жылдың ақпан айында Ұзынбұлақ ауылында өткізіледі деп жоспарлануда.

 

Мақпал Шадан

Басқа жаңалықтар

Back to top button