Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратҚоғамТалгар информацияТалғар - ақпарат

«KIELI TABIGAT» ЖАСТАР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Талғар ауданының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Талғар қаласында «Kieli Tabigat» атты жастар арасында экологиялық акциясы өтті. Акцияға «Талғар политехникалық» колледжі, «Талғар агробизнес және менеджмент» колледжі, «Талғар жоғары медициналық» колледжі, «Талғар медициналық колледж» мекемесінің студенттері, «Жасыл ел» еңбек жасақшылары, және жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы қатысты.

Бүкіл республикалық шараның мақсаты – «Бізге берілген табиғатты бағалауға шақыру. Болашақ ұрпақты да тазалыққа шақыру».  Акция барысында «Жаңа» ықшам ауданына тазалық жұмыстары жүргізілді.

Бір мезгілде еліміздің барлық өңірлерінде киелі нысандар аумағында «Kieli Tabigat» республикалық сенбілігі басталып, оның шеңберінде өңірлік жастар ұйымдарының өкілдері, Жас жұлдыздар, блогерлер, қоғамдық пікір көшбасшылары, жастар ресурстық орталықтары, студент жастар, эковолонтерлер аумақты жинау, ағаш отырғызу, плоггинг, сондай-ақ қасиетті нысандар мен табиғатты қорғауға шақырумен сенбіліктер ұйымдастырды.

Барлық іс-шаралар мен акциялар «KieliTabigat» бірыңғай хэштегімен республикалық және өңірлік телеарналарда, ақпараттық агенттіктерде және әлеуметтік желілерде қуатты ақпараттық-түсіндіру сүйемелдеуімен жүзеге асырылды.

Бұл іс-шара азаматтық белсенділіктің және қоршаған ортаны жақсартуға деген жалпы ұмтылыстың жарқын үлгісі болды.

Бұл күні сенбілікке еліміз бойынша 56 мыңнан астам адам шықты. Оның ішінде: 10 мыңнан астам еріктілер, қоғамдық ұйымдар мен халық, 46 мыңнан астам мемлекеттік органдардың өкілдері, 8 мыңнан астам кәсіпорын қатысты.

Акция барысында 20 мың тоннадан астам калдықтар жиналды. 10 мың га астам жер тазартылды. Оның ішінде, 915 тонна шыны берілді, 1950 тонна пластмасса, 300 т резеңке, 860 тонна қағаз, картон және 550 тонна металл жиналды.

Бұл сенбілік экологиялық жауапкершілік актісіне ғана емес, ұлт бірлігінің күшті символына айналды. Қатысушылар өз еліне деген мақтаныш сезімін және оны таза әрі әдемі етуге деген ұмтылысын білдірді.

«Біз осы іс-шараға қатысқандардың барлығына алғысымызды білдіреміз және таза, жасыл ел үшін күресте бірлескен күш-жігерімізді жалғастырамыз деп үміттенеміз», — деп қорытындылады аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Мөлдір Абатайқызы.

 

Акан АКЫЛОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button