Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратҚоғамТалгар информацияТалғар - ақпарат

ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСТЫ НАЗАРДА

Қазанның 4 күні Талғар аудандық мәслихатының кезектен тыс  X сессиясы өтті. Күн тәртібінде қаралған мәселелер ішінде ең бастысы «Талғар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылдың 8 айында атқарған жұмыстар туралы есебі болды.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді бағдарламасы бойынша халықты жұмыспен қамтуға және әлеуметтік көмек беруге жергілікті бюджеттен  2023 жылдың 8 айында 1639,5 млн. теңге бөлініп, оның ішінде тек әлеуметтік жәрдемақы төлеуге және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға гигиеналық құралдар мен жеке қызмет көрсетуге  1632,5 млн.теңге  жұмсалған.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – 1521  отбасына, 8139  алушыға 584,5 млн теңге төленді. Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға берілетін кепілдік әлеуметтік пакеттерге 75,1 млн. теңге төленді. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды  үйде оқытуға әлеуметтік қолдау ретінде 137 балаға 6,2 млн. теңге, әлеуметтік    көмек    ретінде    туберкулез       ауруына    шалдыққан 120 науқасқа 9,3 млн. теңге төленді. Біржолғы материалдық көмек (ауған соғысына. ЧАЭС, желтоқсан оқиғасына қатысқан және т.б. ) 949 адамға 67,8 млн.теңге төленді.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында келесі жұмыстар атқарылды: өз бетінше жүре алмайтын 1-топтағы 406 мүгедекке 406 жеке көмекші, ыммен сөйлесетін  13 маман  95 мүгедекке қызмет көрсетіп келеді. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға төмендегідей құралдармен қамтамасыз етілді: қоларбамен қамтамасыз ету – 87; протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету – 527; гигиеналық құралдар — 1411; денсаулығын түзетуге шипажайға 862 мүмкіндігі шектеулі азамат тапсырыс беріп, қазіргі таңға 370 азамат барып келді; «Инватакси» қызметі мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы ортаны қалыптастыру мақсатында 102 мүгедекке 9531 тапсырыс бойынша қызмет көрсетілді.

Медицина қызметкелерінің  мүгедектікті оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет 97 балаға 20 әлеуметтік қызметкер  қызмет көрсетеді. Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің 15 әлеуметтік қызметкері 92 жалғызбасты қарастығы жоқ зейнеткерлер мен мүгедектерге қызмет көрсетеді.

Медициналық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына орналасуға өтініш берген азаматтар келесі мекемелерге жіберілді: «Аяла» оңалту орталығына – 16 мүгедектігі бар балалар, «Аяла» күндізгі болу орталығына – 8 бала, КММ «Аманат» — 5,  КММ «Ақ Ниет» — 2,  КММ «Аяла» -1, КММ «Шарапат» -3, «АҚжол М» балаларға арналған күндізгі  бөлім орталығына 58 бала, «Қайсарлы жан»  балаларға арналған күндізгі  бөлім орталығына – 25 бала  жіберілді.

Бекітілген мемлекеттік Стандарт  бойынша халыққа бөлім арқылы 15 түрлі мемлекеттік қызмет  15516 адамға көрсетілді.

Жиын қорытындысы бойынша «Талғар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік            бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Гүлжан Айтқожақованың  2023 жылдың 8 айында атқарған жұмыстар туралы есебі назарға алынып, қанағаттанарлық деген баға берілді.

 

Акан АКЫЛОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button