Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратКеген келбетіҚоғам

ҰСТАЗ АТЫ МӘҢГІЛІК, ЖАДЫМДА ҚАЛАР ЖАҢҒЫРЫП

«Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.»

Әл-Фараби

5 қазанда мұғалімдердің кәсіби мерекесі – Мұғалімдер күні аталып өтілді. «Мемлекеттік мерекелер тізіміне сәйкес, Республикада Мұғалімдер күні осы уақытқа дейін қазанның бірінші жексенбісінде тойланып келді. Енді бұл мереке 5 қазанда әлемнің 100-ден аса елі атап өтетін Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілді. Сол кәсіби мерекеге сәйкес Кеген аудандық білім бөлімі ұстаздарға арнап мерекелік шара ұйымдастырған. Мерекелік шараға Кеген ауданының әкімі Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы, Кеген аудандық мәслихатының төрағасы Нұғман Алмасбек Нөкербанұлы, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Досымбеков Сабыр Досымбекұлы, білім беру ұйымдарының басшылары, ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары, сонымен бірге Кеген ауданының білім саласында қажырлы еңбек еткен ардагер ұстаздар қатысты. Алғашқы құттықтау сөз Кеген ауданының әкімі Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлына берілді. Аудан әкімі құтықтау сөзінен кейін, бүгінгі күні еңбек зейнетіне   шығып, ақылдың кені, ұстаздардың ұстазы болған ардагер ұстаздарымызға Аудан әкімінің Алғыс хатымен  мерекелік сый-сияпатын тарту етті. Мерекелік концерт барысында:  Кеген ауылындағы балалар өнер мектебінің директоры Жұмашова Гүлназ Айтуғанқызы Қазақстан  Республикасы «Қосымша білім беру ісінің үздігі» Құрмет дипломымен, Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иегері, зейнеткер ұстаз Таударбекова Рысалды Әбдікерімқызы,  Кеңес Нұрпейісұлы атындағы мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жұмабаева Равия Сартбайқызы Қазақстан  Республикасының «Еңбек ардагері» медалімен марапатталады. Одан бөлек Алматы облысы әкімдігінің, Алматы облыстық білім басқармасының, Кеген ауданы әкімдігі мен аудандық білім бөлімінің Алғыс хаты мен Құрмет граматосымен ұстаздар марапатталып, құрмет көрсетілген.

Мұғалім – зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі сияқты. Француз философы Жан-Жак Руссо айтқандай, өз уақытын аямайтын, өзгенің бақытын аялайтын ұстаз қауымын қалай ұлықтасақ та артық емес. «Ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт», — деген халық даналығы. Өз басым ұстазға құрмет көрсетуді ұлтқа қызмет етумен тең деп түсінемін. Өйткені өмірдің күре жолында өз бағытыңды адаспай табуыңа бірден-бір себепкер мұғалім екені бәрімізге белгілі. Ендеше, ұстазды неге  құрметтемеске?! Ұстазға деген құрметімізді қалай білдіреміз? Болашағыңның жарқын болуына ықпал етуші жанның қасиетіне қалайша бас имеске?! Сол себепті ұстазға көрсетілетін құрмет бір күнмен шектелмеуі тиіс.

Мақпал Шадан

Басқа жаңалықтар

Back to top button