Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБілім және ғылым

Жолшы болам десең, жол ашық!

ЖАҰСО Алматы облыстық филиалына Л.Б. Гончаров атындағы автомобиль жолдары академиясының студенттері келді. Жол саласына қызыққан студенттер қазірден бастап өздеріне қажетті мағлұматтарды жинап жүр. Яғни, теориялық білімдерін практика жүзінде сынап көруге дайын екендерін жеткізді. Филиал жұмысымен таныстырған директор Е.Б. Жасыбаев Дания, Чехия, Германиядағы жол саласының қыр-сырын әңгімелеп берді. Ал зертхана меңгерушісі Айдын Әшірбековтің айтуынша, кітаптан көрген құрылғыларды қолмен ұстап көру студенттер үшін үлкен білім.
«Студенттердің келу мақсаты ЖОО оқыған теориялық білімдерін практикада сынау. Біз зертханада жол саласына қатысты барлық құрылғыларды көрсетеміз. Мәселен қандай аппарат не нәрсеге арналғанын, оның жалпы қалай жұмыс істейтінін қысқаша айтамыз. Одан бөлек асфальтқа қолданылатын материалдар қалай дайындалады, қалай тексеріледі, барлығын бір жолда біліп, көріп кетуіге мүмкіндік туады» — деді ЖАҰСО Алматы облыстық филиалының зертхана меңгерушісі Айдын Әшірбеков.

Ал, еуропалық жолдардың сапасы бізден әлдеқайда алда деген Ержан Бәкірбайұлы, болашақ кадрлардың еліміздегі жол жайын жақсартатын кадр болатындарына сенім білдірді. Сонымен қатар, жолшы болам дегендерге қашанда жол ашық екенін айтты. Айта кету керек, Л.Б. Гончаров атындағы автомобиль жолдары академиясы мамандарды және ғылыми кадрларды даярлау бойынша республикадағы жалғыз мамандандырылған техникалық жоғары оқу орны.

Басқа жаңалықтар

Back to top button