Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратҚоғамТалгар информацияТалғар - ақпарат

АУДАНДА 90 ЖАҢА АЯЛДАМА ОРНАТЫЛАДЫ

Ауданда қоғамдық көліктер тоқтайтын орындар талапқа сай емес. Бірі жөндеуді қажет етсе, бірінде орындық жоқ, енді бірі тозып тұр. Аялдаманың тең  жартысы жөндеуді қажет етеді әрі санитарлық талапқа да сай емес. Жолаушылар әр жиында бұл мәселелердің жылдар бойы шешілмей келе жатқанын айтып келеді.

Осы мәселелерді шешу мақсатында 2023 жылға Талғар ауданы бойынша 300 аялдамаға өтінім берілген болатын. Қазіргі таңда 90 аялдамаға қаражат бөлінді. Аялдамалардың ұзындығы 6 метр, ені 1,5 метр, отырғышы ағаштан және жанында қоқыс жәшігімен.

Апта ортасында аудан басшысы Танат Айдарбеков, Талғар қаласының әкімі Бақыт Күрішбеков және аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Асхат Досжанов талғар қаласын аралап, жаңа салынып жатқан аялдамалардың жағдайын бақылап қайтты. Салыну керек 90 аялдаманың 30-ы Талғар қаласы бойынша орнатылады, оның 19-ында жұмыстар аяқталған.

«Одан бөлек Тереңқара, Төңкеріс, Еламан, Жалғамыс, Жаңалық, Дәулет ауылдарына автобус маршруттарын жүргізуге Алматы қаласының мобильді басқармасына өтінім жібердік. Және Нұра мен Туғанбай ауылдарына жаңа автобус маршруттары жүргізілді. Осыған байланысты осы ауылдарға жаңа аялдамалар орнату жұмыстары жүргізілуде», — деп атап өтті Асхат Досжанов.

Акан АКЫЛОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button