Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыЕскелді айнасыҚоғамСпорт

БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ – ҰЛТ САУЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

Ескелді ауданының бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығы 2023 жылдың басынан осы уақытқа дейін барлығы 171 бұқаралық іс-шаралар өткізілді. Бұл шараға 11006 адам белсене араласты. Оның ішінде облыстық – 9 іс-шара 1330 адам, аудандық – 29 іс-шара 3681 адам, ауылдық-133 іс-шара 5995 адам катысты.

Ауданымызда бұдан бөлек халықаралық, республикалық жарыстар да өтіп тұрады.

Атап айтсақ, халықаралық парапланердан (дәлме-дәл қону) Әлем, Азия чемпионаты 12-18 маусым күндері аралығында өтті.

Аталған жарысқа 27 мемлекеттен 100 -ден аса спортшылар қатысты. Жастар арасында Құсбегіліктен Қазақстан Республикасының чемпионаты 9-12 ші ақпан күндері аралығында өтіп, 70-ке жуық құсбегілер өз өнерін көрсетті.

Аталған іс-шараға ауданымыздың тұрғындары белсене қатысып, қолдау білдіруде.

 

Г. Омарова,

Ескелді ауданының бұқаралық-

спорттық іс-шараларды өткізу орталығының жетекшісі

Басқа жаңалықтар

Back to top button