Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығына сәйкес қоғамды одан әрі демократияландыру, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын, жауапкершілігін, есептілігін арттыру мақсатында аудан әкімі Танат Айдарбеков Бесқайнар ауылдық округіне барып, жергілікті тұрғындармен кездесіп, осы жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Талғар ауданына қарасты Бесқайнар ауылдық округінде 2 елдімекен бар: Бесқайнар, Қотырбұлақ ауылдары, жалпы көлемі 3 300 га,. Ауылдық округінде тіркелген халық саны 2 170 адам. 2023-ші жылға ауылдық округ бюджеті 102 млн. 358 мың теңге құрайды, 10 айға 53 млн. 796,2 мың теңге игерілді. Оның ішінде: әкім аппаратын ұстап тұруға – 28 млн. 191,1 мың. теңге; елдімекендерді жарықтандыруға – 28 млн. 576 мың теңге бөлінді, 8 млн. 205,7 мың теңге игеріліп жұмыс аяқталды, 16 млн. 700 мың теңгеге Бесқайнар ауылының Жамбыл көшесі мен Қотырбұлақ ауылының Жамбыл көшесін жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі. Елдімекендерді санитарлық қамтамасыз етуге – 935,0 мың теңге; елдімекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға – 11 млн. 540 мың теңге; жолдарды күтіп ұстауға – 3 млн. 523 мың теңге; өңірлерді дамыту бағдарламасын асыруға – 1 млн. 400 мың теңге бөлінді.
Талғар аудандық Кірістер басқармасы болжамдық берешек көрсеткіштер бойынша ауылдық округінде жер, мүлік, көлік салықтары бойынша үнемі бақылауға алынып, жұмыстар жүргізілуде. Ауылдық округтің жер және көлік салық түсімдері бойынша жұмыстары жалғастырылуда. Жеке табыс салығы және жеке тұлғалардың көлік салығы бойынша жинау жоспарының көрсеткіштері жоғары ауылдық округінде халық санымен көліктер саны жоспарға сәйкес алғанда аз.
Әлеуметтік салаға келетін болсақ, атаулы әлеуметтік көмекті жалпы сомасы 1 млн. 500 мың 700 теңгеге 6 отбасы алды, округте 41 мүмкіндігі шектеулі адам тұрады, оның ішінде 1 топ – 10 адам, 2 топ – 15 адам, 3 топ – 16 адам. 5 бала үйде білім алады. Қоғамдық жұмыстарға 13 адам тартылды.
Ауылдық округте көпжылдық өсімдіктерге арналған жерлер бар – 1122 га, 521 га – жайылым, 51 га – шабындық. Өткен жылғы алма бақтарының өнімділігі орта есеппен 1 гектар алма ағашынан 500 кг құрады. Сонымен қатар, «Весна» шаруа қожалығында 0,5 га алқапта сәндік ағаштар мен өсімдіктер өсіріледі, бұл аудан, қала және облыс тұрғындарын көшеттермен қамтамасыз етеді. Ауылдық округте мал шаруашылығына қатысты 447 бас ірі қара, 413 бас қой мен ешкі, 380 бас жылқы, 500 бас үй құсы бар. Қан алу, жұқпалы ауруларға қарсы егу 100% орындалды. Ауылда 5 ірі мал және 2 жылқы шаруашылығы бар.
Бесқайнар ауылдық округінде 20 көше бар, жолдардың жалпы ұзындығы – 9,06 км., оның: 7,74 км. – асфальт қабатымен, 1,32 км. – тас құм қабатымен. 2023 жылы Бесқайнар ауылдық округінің Бесқайнар ауылы Мира, Веселая, Садовая (арықпен) көшелеріне маршруттық тәсілмен ағымды жөндеу жұмыстарына 30,5 млн.тг. бөлінді, 1,5 км жол жөнделді. Мердігер мекеме «Алматы жолдары» ЖШС-і. Жұмыстар толық аяқталды. Бесқайнар ауылы Мичурин, Қапай, Мақатаев (ГСУ), Жамбыл көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге техникалық құжаттары дайын. Бүгінгі күнітаңда экспертизадан өткізу жұмыстары жүргізілуде. 2024 жылға бюджеттік өтінім беріледі.
Алматы қаласы «Спорт сарайы» – Бесқайнар ауылы арасында №209 автобус маршруты бойынша жұма, сенбі және жексенбі күндері 1 сағат аралықпен 2 автобус жүреді. Алматы қаласы «Спорт сарайы» – Бесқайнар ауылы «Ой-қарағай» демалыс орталығы арасында №210 автобус маршрутында күнделікті 30 минут аралықпен 5 автобус кестеге сәйкес жүреді.
Бесқайнар ауылдық округінде орналасқан Мұсылман және христиан зираттары қоршалды. Қоршау аумағы 2 га болды, 8 млн. 200 теңге қаражат жұмсалды.
Бесқайнар ауылдық округінің ауылдарын газбен қамтамасыз етумен «Жетісу-Газ-Құбыры» ЖШС-і айналысады. Бесқайнар ауылдық округі газдандырумен -78% қамтылды.
Бесқайнар ауылындағы интернет желісінің күш қуаты төменділігіне байланысты, орталық көшесіндегі жекеменшік ғимаратының қабырғасына орналастыру жоспары ұйымдастырылып, жеке меншік иесімен интернет таратқыш аппараттарын орнататын мердігерлік ұйымның өкілдерінің қатысуымен келіссөздер жүргізілді нәтижесінде аталған жұмыстар толығыменен орындалды.
Бесқайнар ауылдық округіндегі 2023 жылға ағаштарды санитарлық және апатты жағдайдағы ағаштарды кесу бойынша жұмыстар атқарылды. Жұмсалған қаражат соммасы – 505 мың теңге. Атқарушы мердігерлік ұйым «Brothers company 2023» ЖШС-і. Ауылдық округіндегі көше және үйлер маңындағы қоқыстардан тазалау жұмыстарын ауылдық округ әкімдігінің қоғамдық жүргізіп, ауыліші тазаланып абаттандырылып отырылуда.
Жамбыл көшесіндегі балалар ойын алаңын салуға 26 млн. теңгеге өтінім беріліп, 4,6 млн. теңгеге Төле би көшесіндегі балалар ойын алаңының сметалық құжаттамасы дайындалуда.
Осы жылдың маусым айында Бесқайнар ауылындағы 6 (алты) көшеге көше жарықтарын орнату жұмыстары атқарылды. Қ. Сәтпаев көшесіне 9 бағана, А. Құнанбаев көшесіне 7 бағана, Іле көшесіне 11 бағана, Мичурин көшесіне 12 бағана, Қ. Сағырбаев көшесіне 12 бағана, Мақатаев көшесіне 10 бағана орнатылды, жалпы соммасы – 2 млн. 988 мың теңге. 2024 жылға Бесқайнар ауылындағы, Мичурин, Ж. Жамбыл көшелерін жарықтандыру бойынша жұмыстар жоспарлануда, аталған көшелер жарықтандырылған жағдайда округ аумағындағы ауылдардың көшелерін жарықтандыру 100 пайыздық көрсеткішті құрайды.
Бесқайнар ауылындағы дәрігерлік амбулатория мемлекеттік актісін тіркеу жұмыстары аяқталды. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу Талғар ауданының орталық аудандық ауруханасының құзіретінде.
Бесқайнар ауылдық округінің сумен жабдықтауымен «Талғар Су» ШЖҚ МКК айналысады. Су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 14 км шаршы метрді құрайды 2022 жылдың шілдесінде Алматы облысы Талғар ауданы Бесқайнар ауылында Ұңғымаларды бұрғылау объектісі бойынша ЖСҚ әзірлеу басталды. Жобаның құны – 4,8 млн. теңге. Жобалық және іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстарды ағымдағы жылдың қараша айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Акан АКЫЛОВ