Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратҚоғамТалгар информацияТалғар - ақпарат

НҰРА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ БИЫЛ 17 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛДІ

Аудан басшысы Танат Айдарбеков өткен жұмада тиісті мекемелермен Нұра ауылдық округіне барып, осы жылы атқарылған жұмыстарды тексеріп қайтты. 2023 жылы округ бойынша 17,3 шақырым жол жөнделген.

Атап айтсақ, «Ауыл ел бесігі» бағдарламасымен Нұра ауылы Жамбыл көшесінің орташа жөндеу жұмыстарына 145 млн. теңге қаражат қарастырылып, мердігер мекеме «Жетысу Жол Құрылыс» ЖШС бүгінгі күнге жұмыстарды аяқтады.

Нұра ауылы Анваров көшесіне және Өстемір ауылы Коморова көшесіне маршруттық тәсілмен ағымды жөндеу жұмыстарына жалпы ұзындығы 1,8 км жолға 48 млн.теңге бөлінді.

Нұра ауылының Бәйдібек шағын ауданы Андас батыр (1000 м), Төле би шағын ауданының Манкеев (1500м) және Өстемір ауылының Майлин (1750 м) көшелеріне қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы ұзындығы 4,5 км жолға 54 млн. теңге бөлінді. Мердігер мекеме «АБЗ Карьер» ЖШС.

Сонымен бірге, Нұра ауылдық округі Нұра ауылы Ы. Молдахмет көшесіне маршруттық тәсілмен ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізуге 56 млн. теңге қаражат қарастырылды.

Сондай-ақ, Жаңақұрлыс көшелеріне қиыршық тас төсеуге Дулат шағын ауданының Р.Қазанғап, Аты жоқ көше 1, Аты жоқ көше 2, Байдибек шағын ауданының А. Аскаров, Қабылиса жырау, Қапал батыр, Нияз би, Нұра ауылы Төле би ықшам ауданының Кыдырғали, Жалайыр, Казанбаев Нусип, Алматы көшелеріне және Остемир ауылы К.Токаев, Алексеева, Таттимбет, Р. Кошкарбаев көшелеріне жалпы ұзындығы 7,1 шақырым жолға 188 млн. теңге қаражат қарастырылды. Мердігер мекеме «АБЗ Карьер ДРСУ» ЖШС.

Және ауылдық округ тұрғындары үшін ең басты жаңалық – Алматы қаласымен байланыстыратын жаңа автобустық маршрут іске қосылды.

 Акан АКЫЛОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button