Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратҚоғамМеждуреченский ауылдық округі

ӨНЕРКӘСІБІ ӨРКЕНДЕГЕН ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУЕТІ ЗОР

Апта соңында Іле ауданына Алматы облысының әкімі Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлы ат басын бұрып,  аудан тұрғындары алдында жылдық есебін берді. Есепті кезең Междуреченск ауылындағы Мәдениет үйінде болды. Тыңдаушылар да, облыс басшысына сұрақ қойып, өздерінің мәселелерін көлденең тартушы жұрттың да қарасы қалың. Жиынды күні кеше ғана Өтеген батыр ауылында қоғамдық көлікті тоқтатып қауіптің алдын алған №24 лицейдің 8-сынып оқушысы, жас батыр Герой Ақжол Нұрланұлын және ата-анасын арнайы құттықтап, халық алдында алғыс айтып, сый-сияпат көрсетуден бастады.  Есептік жиынға келген халық тарапынан ауылішілік жолдар және тұрғын үймен қамту бойынша сұрақтар көтерілді. Жылдан жылға халықтың инфраструктуралық мәселелерін шешу жолдары Іле ауданы бойынша жолға қойылған. «Естуші үкімет» десек, аудандағы ауыл мәселелері көтерілгенде, аудандық мәслихат пен қоғамдық кеңестің белсенді мүшелері арқылы уақытында шешімін тауып келе жатыр. Есепті кезең тек аудан көлемінде атқарылған жұмыстарды қамтыды.

Облыс басшысы  ағымдағы жылы Іле ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен жалпы атқарылып жатқан жұмыстармен кеңінен таныстырды. Он айдың қорытындысына сәйкес экономикалық көрсеткіштер бойынша өнеркәсібі дөңгеленген Іле жері оң нәтижелерге қол жеткізгенін слайдтар мен сандармен жеткізді.

Өнеркәсіп: Ауданымыздың өнеркәсібіне нақты көлем индексі 596,7 млрд.теңге, 124,6 млрд. теңге инвестиция тартылған, 187,3 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі, бөлшек тауар айналымы – 83,3 млрд.теңгені құрап, ауыл шаруашылығында 101,1 млрд.теңге көрсетсе, құрылыс жұмыстары бойынша – 53,4 млрд.теңгені құраған.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны бүгінде  22,0 мың бірліктен асып, жұмыспен қамтылғандар саны 42,6 мың адамға жеткен. Ауданда шағын және орта кәсіпкерлік қарқынды дамуда. Биыл кәсіпкерлікті  қолдау бойынша 168 жоба қолдау тапқан, жобаны субсидиялауға  және  кепілдік берілген. «Әр ауылда  – бір жоба» атты бастамаға сәйкес ауданның  22 ауылында 520 жұмыс орындық 44 жобаның, 25 жобасы іске асырылып, 316 жұмыс орны құрылған. Жалпы ауданда 39  жанар-жағар май бекеті, 854  сауда орындары, 5  сауда орталықтары, 8  базар, 180  тамақтану орындары жұмыс істейді. Сондай-ақ, халықтың табысын арттыру мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша  104 өтінім жолданып, 56 жобасы өткен. Жоба аясында 10 жеке кәсіпкерге  несие берілген.

Әлеуметтік сала:  2023 жылы 11 186 жаңа жұмыс орнын құру көзделген, бүгінде 10689 жаңа жұмыс орны құрылған, нәтиежесінде  9243 тұрақты жұмыс орны, уақытша 1446 жұмыс орны бар. Тұрғындармен көтерілген мәселелердің мазмұны талданып, уақытында нәтижелі жауап беріліп тұрады. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бойынша  30 проблемалық мәселе көтерілсе, бүгінде 10 мәселе шешімін тапқан, 20 мәселені шешу бойынша шаралар қабылдануда.

Сумен жабдықтау бойынша: Халықты орталықтандырылған сумен қамту деңгейі жүз пайызға жуық. Ауданның тұрғындарының көлемі артқан сайын, жаңа ұңғыма қазу күн тәртібінде тұр. Кейбір елдімекенде су тапшылығы қолдан жасалынып жатқан жайы бар. Жергілікті әкімшілік тарапынан ол мәселелер шешімін тауып жатқан көрінеді. Ағымдағы жылы сумен жабдықтау бойынша 5 нысанның құрылысы жүргізілуде. Олар Жетіген 25 шақырым, КазЦИК 24 шақырым,  Шабыт ы/а мен  Междуреченск  5 шақырым, Ақши ауылы 11,5 шақырым, Екпінді ауылы 15,4 шақырым құрайтын сумен жабдықтау жүріп жатыр, соның ішіндегі 4 жобаны жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Электрмен жабдықтау бойынша: Аудан бойынша барлығы 1492 бірлік трансформаторлық қосалқы станциялар, электр беру желілері бар. Биыл елдімекендерді электрмен  жабдықтау бойынша 7 жобаны іске асыру қарастырылды. Оның ішінде 5 ауыл мен 2 саяжайда жобалар іске асырылуда, онда ұзындығы – 141 км электрмен жабдықтаудың құрылысы мен 36 электротрансформаторларын орнату көзделген. Ағымдағы жылы 5 нысан бойынша құрылыс жұмыстары аяқталыпты. Бүгінгі күнге 81 шақырым  электрмен жабдықтаудың құрылысы жүргізіліп, 21 трансформатор орнатылған. Көше жарықтандыру бойынша ауданымыздағы сыртқы жарықтандыру желілерінің ұзындығы 217,5 шақырымды құрайды.

2023 жылы  Қараой, Междуреченск, Байсерке, Ащыбұлақ, Чапаев және Энергетический ауылдық округтерінде ұзындығы 109,5 шақырым көше жарықтандыру желілері салынып, 3494 көше жарық шамдары орнатылған.

Жоспарда  11 елдімекенде жалпы ұзындығы 79,9 шақырымды құрайтын 2373 көше жарық шамдарын орнатады екен.

Газдандыру бойынша: 30 елдімекеннің 25-інде газ жүргізілген, яғни 92,3 пайыз, Жетыген, Жаңаарна, Құйған, Әли, Күрті газдандырылмаған.

Жетіген ауылдық округіне қарасты Жаңаарна ауылы мен Еңбек ауылының тұрғындарын көгілдір отынмен қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы құрылыстың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірленді.

Сонымен қатар өзекті мәселелер қатарында жол инфраструктурасы да бар. Ағымдағы жылы  жол мәселесі бойынша 15 мәселе өзекті деп танылған, бүгінде 8 мәселе шешіліп, 7 мәселе бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аудан аумағындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 1407 шақырым құрайды, оның ішінде 230 шақырымы Республикалық маңызы бар жолдар,  303 шақырым облыстық маңызы бар жолдар –км, 59 аудандық маңызы бар жолдар,  және 815 шақырым кентішілік көшелерді құрайды. 8 ауылдық округте 15 елдімекен аумағындағы  жалпы ұзындығы 51,1 шақырым болатын 79 көшеге жөндеу жұмыстары жоспарланып толық аяқталған. Соның ішінде 6 шақырым болатын  5 мектептің кіре беріс жолдары жасалды. 2021-2023 жылдары 8 ауылдық округке қарасты ұзындығы  4,0 шақырым болатын 37 саяжайға кірме жолы жасалған.

Тұрғындардың қаламен қатынасы үшін – 23 маршрут, оның ішінде ауданаралық 18 бағыттағы маршуртта 183 автобус қызмет етеді. Соның ішінде биыл 4 бағыт бойынша маршруттар қосылды №1 маршрут «Шабыт ы.а.– Өтеген батыр а.»; №2 маршрут «Төле би ауылы. – Жайнақ ықшам ауылы»; №3 маршрут «Көкқайнар ауылы. – Ашыбұлақ айналма сақинасы»; №4 маршрут «Қосөзен  ауылы. – Өтеген батыр ауылына баратын болады.  Алматы қаласының  «Райымбек батыр» метро бекетінен «Gate City»  тұрғын аумағына дейін №89 маршрутқа 13 автобус қызмет етуде.

2024 жылы тағы 6 маршрут ашу үшін облыстық муниципалдық автобус паркіне ұсыныс беріліп,  15 аялдама толығымен орнатылды.

Тұрғын-үймен қамту бойынша  мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждардың  кезек саны 5413 адамды құрайды. Олар жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар 742; көпбалалы отбасылар  1571; мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері   910; халықтың әлеуметтік осал топтары  2190, 1 және 2 топтағы мүгедектер,толық емес отбасылар, оралмандар, жасына байланысты зейнеткерле бар. «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде Өтеген батыр ауылында жалпы ауданы 21,3 мың шаршы метр болатын 72 пәтерлі 3 кредиттік тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, оның екеуінің құрылысы  аяқталған. Сонымен қатар, Боралдай кентінде жалпы ауданы 3,3 мың шаршы метр  40 пәтерлі тұрғын үй және  ауданы 44,8 мың шаршы метр 55 пәтерлі 16 көппәтерлі тұрғын үйлер салынуда. Бұдан басқа, Гейт сити қалашығында бүгінге ауданы 69,8  мың шаршы метр 16 үй пайдалануға берілді  және 51 тұрғын үйдің құрылысы кезең-кезеңімен жүргізілетін болады. Желтоқсан айында  тағы 26,6 мың шаршы метр болатын 8 тұрғын үй құрылысы аяқталып, қолданысқа беріледі.

Мәдениет саласында Өтеген батыр ауылында 400 орындық  және Боралдай кентінде 280 орындық мәдениет үйлерінің құрылысы жүргізілуде. Бұл нысандардың құрылысы 2024 жылы аяқталатын болады деп жоспарланды. Сондай-ақ Жетіген ауылы мен М.Түймебаев ауылдарында  280 орындық Мәдениет үйлерінің құрылысын жүргізу үшін жобалау сметалық құжаттамалары әзірленлуде. Аталған жобалардың құрылысы 2024 жылы іске асырылатын болады.

Тағы бір өзекті мәселе білім беру саласында, ауданның 19 мектебі үш ауысымды оқыту режимімен жұмыс істейді. Ағымдағы жылы ауданда 4500 орындық үш мектеп пайдалануға берілді, ол мына Шабыт ықшам ауданында және Боралдай кенті мен  Көкқайнар ауылдарында орналасқан. Жыл аяқталғанға дейін Жаңаталап ауылындағы 600 орындық мектеп пен «Акжол» саяжайындағы 1200 орындық мектеп қолданысқа  беріледі деп жоспарланды. Сондай-ақ, 2025 жылға дейін үш ауысымдағы мектептерді жою үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 12 мектептің құрылысы жүргізіледі, бүгінде жер телімдерінің құжаттары толық рәсімделіп, 2 мектептің құрылысы басталды.

Іле ауданының аумағында — 157 саяжай бар, онда 73,0 мыңға жуық адам тұрады.  Алматы облысының сәулет басқармасының тапсырысы бойынша биыл 109 саяжай аумағын қосумен 5 елдімекеннің бас жоспарын әзірленуде. Бас жоспар 2024 жылдың наурыз айында бекітіледі деп күтілуде.

Есептік кезеңде облыс басшысы Марат Сұлтанғазиев жабық есік форматында қоғамдық қабылдау өткізді. Жалпы екі жүзге жуық жазылған адамның барлығы да өз өтініштерін көзбе көз жеткізсе, қалғаны қағазбен қалам алып жазбаша берді.

Одан бөлек ауданымыздың территориясының бөлінуі жайлы және G4 спутниктік қалашықтың дамуы жайлы 10 округтің әкімдігімен шағын кеңес өткізді.

Бағдат Шойбас

Басқа жаңалықтар

Back to top button