Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыӘлімжетікке жол жоқ!Басты ақпаратҚоғам

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа өз пікірім

Бүгінгі қоғамда әйелдің күйеуінен таяқ жеуі қалыпты жағдайға айналған. Біз қазақпыз ғой таяқ жесекте, ұрыс естісек те арамызда бала бар ғой деп, бас сынса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде деп кешірім жасап, шыдап жүре береміз. Көп әйелдердің барар жері жоқ болып шығады. Көбі туысына, төркініне айтуға ұялады. Зәбір көрген әйелдерді қорғайтын заңда осалдау. Полицияға шағымданасың олар келіп тек ескерту жасайды. Ал зәбір көрген әйел тағы да отбасының шырқы бұзылмасын деп қайта татуласады. Сонымен өстіп өтіп жатқан өмір. Менің ойымша шыдамның да шегі бар. Егер жанжал бір жылға созылған жағдайда жәбірленуші нақты бір шешімге келу керек. Ол ана үшін балалардың болашағы бірінші орында болуы керек. Экс-министр Қ.Бишимбаевтың жасаған ісінен кейін қоғамда тұрмыстық зорлық зомбылықты тоқтату үшін әкімшілік заңнамасын күшейту керек екендігін талқыға салуда. Әйелдің отбасындағы орны өте жоғары. Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді. Әйелдің көңіл-күйі жақсы болса отбасыда, қоғамда да тыныш болады. Біздің келешегіміз жас ұрпақ, ал ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ер адам отбасының асыраушысы, қорғаушысы, мықты тірегі. Әйел ерге қарайды, ер жерге қарайды демей ер азаматтарда өз отбасын сақтап, ынтымақта, берекеде ұстаса демекпін.

Ер азамат майдаланып кетпеңдер!

Бақтарыңды бастарыңнан теппеңдер!

Көздері жәудіреген балаларды

Тірі жетім етпеңдер!|

Боралдай кенттік аналар кеңесінің төрайымы Мархаба Қаламбаева

Басқа жаңалықтар

Back to top button