Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыӘлімжетікке жол жоқ!Басты ақпаратҚоғам

Зорлық-зомбылық жазасыз қалмауы керек

Әлімжеттік жасау, біреуді ұрып-соғу арқылы денсаулығына, өміріне қауіп төндіру, ар-намысына тию – мұның бәрі заң бойынша жауапқа тартылатын қылмыстық әрекеттер болып табылады.

Бүгінгі қоғамда отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі, жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік мәселесі аса өзекті проблемалардың бірі болып отыр. Әсіресе отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі көбінде ашып айтылмай, жасырылып қалады. Соның салдарынан мұндай зорлық көрсетулер қайталанып жатады және оның соңы қайғылы жағдайлармен аяқталып жатады. ҚР «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңының 4 бабына сәйкес, тұрмыстық зорлық-зомбылық тек күш көрсету немесе психологиялық қана емес, сексуалдық және (немесе) экономикалық зорлық-зомбылық түрінде болуы да мүмкін.

ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 73 бабына сәйкес, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер қатарана былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер жататынын да есте ұстау қажет.

Біздің елімізде адам және оның өмірі мен ар-намысы мемлекеттің басты байлығы екені, ол заңмен қорғалатыны Конституциямызда анық жазылған. Ел азаматтарының ар-намысы заңмен қорғалатыны айқын айтылса да оны бұзып, зорлық-зомбылық жасаушылар азаймай отыр.

Осы орайда тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағандар Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 73 бабы бойынша, зорлық көрсету әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы бар болған жағдайда ҚР Қылмыстық кодексінің 109 (ұрып-соғу), 110 (қинау), 131 (қорлау) баптары бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатындарын ескерте кету артық болмайды деп ойлаймын.

Біздің елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауда — БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы мен Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы конвенция, ҚРКонституциясы, ҚРҚылмыстық Кодексі, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексі, ҚР «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңы, ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексі және басқа нормативтік құқықтық актілері негізге алынады.

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған зардап шегуші немесе куәгерлер зорлық әрекеті туралы ішкі істер органдарына немесе сенім телефондарына (1415 — тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер үшін) хабарласу қажет.

Сіз бен біз қоғамның қауіпсіз, зорлық-зомбылықсыз болуына мүдделіміз, сондықтан бірге қарсы тұрып, болуы мүмкін қылмыстың алдын алайық.

Даут ОРАЛ

Басқа жаңалықтар

Back to top button