Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратДін және қоғамҚоғам

Жастарға діни экстремизм жайында түсінік берілді

Діни экстремизм мен терроризмнің таралуының өсіп келе жатқан сын-қатерлері халықаралық қоғамдастықтың алаңдаушылығын тудырады. Діни экстремизм кең таралған әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде қоғам өмірінің әр саласына өзінің кері әсерін тигізуімен ерекшеленеді. Діни экстремизммен терроризмнің алдын алу мақсатында   әлеуметтік тапсырыс аясында ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Іле мұрагер» ҚБ ұйымдастырумен Өтеген батыр кенті №38 мектеп гимназиясының, сонымен қатар «Прогресс»   политехникалық колледжінің акт залында жастармен кездесу өтті.   Кездесудің басты мақсаты жастарға  діни экстремизм туралы білім беру, теріс діни ағым дегеніміз не екендігін тренингтер арқылы жеткізу, діни сауаттылықты қалыптастыру.
Жастарға діни экстремизм жайында түсінік беру.  Кездесуге гуманитар ғылымдарының магистрі, дінтанушы, Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша түсіндіру тобының эксперті Әліп Тұрсынғали Төреғалиұлы шақырылды.  Кездесу барысында экстремистік ұйымдардың негізгі мақсатты аудиториясы – әлеуметтік, саяси, экономикалық және басқа факторлардың әсерінен берік идеологиялық көзқарасы қалыптаспаған жастар санаты екендігі айқындалды.    Жастардың интернет желісінде белсенділігін пайдаланып,   әлеуметтік желілерде зорлық-зомбылықты насихаттаудың, радикалды идеялардың таралуының стратегиялық құралы ретінде қолданылатындығы айтылды. . Әлеуметтік желілер мен SMM жарнамалық құралдарын пайдалану арқылы халықаралық террористік ұйымдардың көшбасшылары өз аудиториясының негізгі қажеттіліктерін анықтап, соған сәйкес материалдар дайындайтындығы туралы ақпарат берілді.    Жаңа технологиялардың даму ғасыры жастар арасында онлайн кеңістікте діни экстремизмнің алдын алудың тиімді тетігін құру қажеттілігін айқындады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button