Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратҚоғамМәдениетМерекелер

МҰЗҒА АЛАУ ЖАҚҚАН КҮН

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Бұл күн – қазақ тарихындағы ұмытылмас ұлық күн, еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған, азаттыққа талпынған күн. Иә, аға буынның ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда.

Тәуелсіздік күнін ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, жалаң ұранмен емес, жастарға өнеге болатын келелі кеңес құратын, ұлт батырларын еске алып, батыр ата-бабамыз бен аға-әпкелеріміздің рухына құран бағыштайтын рухани серпіліс күні ретінде атап өтуіміз керек. Жастардың қанымен, арудың арымен келген азаттыққа бастау болған оқиға елдің есінен, халықтың санасынан шықпау үшін «Тағзым күні» ретінде аталып, 86-ның ызғарында ел үшін бейбіт шеруге шығып, мұз үстіне егемендіктің шырағын жаққан жастардың ерлігін өскелең ұрпаққа үлгі етіп, құрмет көрсетіп, тағзым етіп, азаттықтың қадіріне жете білейік.

Құрметті Ілеліктер!

Ел рухын көтерген атаулы күнде сіздерге отбасыларыңызға бақ-береке, зор денсаулық, еңбектеріңіз табысты болуын тілеймін. Тәрбиелеп отырған ұл-қызымыз елге қызмет етер адал азамат болып өсіп, Республикамыздың биік белестерді бағындыруына сүбелі үлес қоса берсін. Еліміздің ертеңі жолындағы еңбегіміз жана берсін! Ұлдарымыз ұлықты болып, қыздарымыз тәрбиелі болып өсіп, жастардың қаны төгілмесін, елдің іргесі сөгілмесін, арыстар құламасын, аналар жыламасын деп тілеймін.

Тәуелсіздігіміз – тұғырлы болсын!

 

Бағдат ҚАРАСАЕВ, Іле ауданының әкімі

Басқа жаңалықтар

Back to top button