Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратҚоғамМәдениет

НУРМУХАНОВ ЖАНАЙДАР ҚАЛТАЙҰЛЫ

1963 жылы 14 желтоқсанда Бақанас ауылында дүниеге келген. Алматы қаласындағы №2 экспериментальды  республикалық мектеп интернатын бітіріп, Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіне көркемсурет-графика  факультетінде білім алып, еңбек жолын Балқаш ауданы Береке ауылында бейнелеу пәнінің мұғалімі болып бастады. Сонымен қатар, мектеп мұғалімі болып, директордың тәрбие жұмысының орынбасары қызметін атқарды.

– 1994 жылдан бастап Есік қаласындағы аудандық зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығында әлеуметтік көмек көрсету бөлімнің меңгерушісі болып жұмыс атқарды.

– 1997 жылдан бастап Есік қаласындағы №2 арнайы мектепте бейнелеу өнері, сызу, еңбек пәндерінің мұғалімі болып қызмет етті.

Ол еңбек еткен 38 жылда педагог-зерттеуші деңгейіне жетіп, талай жетістіктерді бағындырып, оқушыларын аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға қатыстырып жүрген білікті маман. Жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, еңбексүйгіштікке тәрбиелеп жүрген білікті де білімді ұстаз.

Қазақтың «Жігітке жеті өнер де аз» деген қанатты сөзі дәл осы Жанайдарға ағамызға қарата айтылғандай. Өйткені, қолынан келмейтін ісі жоқ, ағаш өнерімен бала күнінен айналысқан. Ата-баба кәсібін жаңғыртып жүрген оның бұл кәсібіне оқушылары да қызығушылықпен қарайды. Жанайдар ағаның эстетикаға сай әдемі жасалған қобдишалары, астаулары көздің жауын алады. Ол дүниелері облыстық, республикалық әртүрлі көрмелерден жүлдесіз қайтқан емес. Осы еңбектерінің куәсі ретінде марапаттарын да айтпай кетуге болмайды :

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мақтау грамотасы облыс әкімінің алғыс хаты және халықаралық, республикалық 1,2 дәрежелі дипломдарымен марапатталған.

Білімін үнемі жетілдіріп отыратын, білім мен тәрбиені ұштастырған ұстаз ғана емес, ол отбасының тірегі, немерелерінің сүйікті атасы, ағайынға қамқор, бауырға мейірімді, жайсаң да жай азамат. Оқушылар, ата-аналар, құрбы-құрдастар, ауылдастар арасында беделді, пікірі салмақты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button