Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратҚазақстан Тәуелсіздігіне - 32 жылМерекелер

ТӘУЕЛСІЗДІК — БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҒЫҢ

Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 32 жыл толады. Бұл – қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Сондықтан да Тәуелсіздік күні айрықша орын алатын қастерлі күн деп айтуға болады. Барша Қазақстан халқының тұрғындарына Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын дейміз.

Желтоқсанның ызғарлы суығында Тәуелсіздікке қол жеткізген, сол кездегі құрбан болған жүздеген жастарды біздер мәңгі есте сақтаудамыз! Тәуезіздік оңайлықпен келген жоқ, сондықтан оны қастерлей білейік. Бұл қазақ халқының ғасырлар бойы көздеген арман- мұратының орындалуы. Мемлекетіміз өркендеп өсіп, көк туымыз мәңгі желбіресін!! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, бейбітшілік заман болсын!!

Басқа жаңалықтар

Back to top button