Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратҚоғам

«Алматы облысы Ұйғыр ауданы Бахар ауылдық округінің ЖТҚ жер асты суларының қорларымен қамтамасыз ету үшін іздестіру – барлау жұмыстарына», Алматы облысы Ұйғыр ауданының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бөлінген бюджет қаражаты кезінде анықталған бұзушылықтар туралы

Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2023 жылғы 2 қазандағы аудиторлық тексеру қорытындысы бойынша «Алматы облысы Ұйғыр ауданы Бахар ауылдық округінің ЖТҚ жер асты суларының қорларымен қамтамасыз ету үшін іздестіру-барлау жұмыстарына» бөлінген бюджет қаражатын пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтау бойынша, «Алматы облысы Ұйғыр ауданының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамаларын бұзу анықталды.

2019 жылы ТКШ бөлімімен Алматы облысы Ұйғыр ауданы Бахар ауылдық округінің жерінде 2019 жылғы 19 желтоқсандағы №20 жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша жұмыстарды орындаудың орнына 27 949,0 мың теңге сомасына бюджет қаражатын мақсатсыз пайдаланғаны үшін «ПК Геотерм» ЖШС негізсіз төлем жүзеге асырылды, ұңғыма Ұйғыр ауданы Шонжы ауылының шекарасына жататын жерлерде бұрғыланды. Тексеру күні ұңғыма басқа жеке тұлғаның жеке меншік жерінде болады.

Тексеру қорытындысы бойынша бақылау объектісіне «ПК Геотерм» ЖШС-нен жергілікті бюджеттің кірісіне бюджет қаражатын 27 949,0 мың теңгелік мақсатты пайдалану сомасын өндіріп алу туралы орындалуы міндетті нұсқама жіберілді және тексеру материалдары «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті» РММ-не жіберілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button