Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратБілім және ғылымҚоғам

СИНГАПУРЛЫҚ ЖҮЙЕ: ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ТҮЛЕУІ

Алматы қаласы Түрксіб ауданы №84 жалпы білім беретін мектепте «Ғасырлармен үндескен, тарих пен тілдескен, тұлғалары біз дескен – ұлылықтың тұрағы» атты қалалық семинар өтті. Семинардың мақсаты – 2023-2024 оқу жылындағы атаулы күндерді қатыстыра отырып, тіліміздің құдіреттілігін таныту, тұлғаларды ұлықтау, “Біртұтас тәрбие” бағдарламасымен ұштастыру.

Семинардың міндеттері, ана тіліміздің айбынын асқақтату, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, Сингапурлық жүйедегі оқу-тәрбие процесімен ұштастыру, “Біртұтас тәрбие” бағдарламасындағы “Ұлттық мүдде” негізінде жасампаз азаматты тәрбиелеу әдістерімен бөлісу.

«Алматы мектептері» жобасы аясында КММ «№84 жалпы білім беретін мектеп» директоры С.Ш.Молдасанова Сингапурға барып, іс-тәжірибе алмасуының нәтижесінде аталған семинардың формасы дәстүрден тыс оқыту және тәрбиелеу формаларынан, сахналық көрініс әрекеттерінен, көлеңкелі театр элементтерінен құралды. Семинардың бірінші бөлімінде әр дәуірдің айтулы тұлғаларының әлемі оқушылардың сахналық әрекеттерімен ұштасып, тәуелсіздік жолындағы айбыны асқақталып отырды. Яссауи хикметтерін дәріптеуден бастау алған маршрут дала данышпаны саналған үш бидің заманына ұласты. Бұл тізбекті Махамбеттің әлемі жалғай түсіп, Алаш зиялыларымен өз кезегін тапты. Ұлы Отан соғысындағы ерлік әрекеттерді Қасым Қайсеновтің заманы айшықтап берсе, жалғасын Кемел Тоқаевтың детективті романдарын танытқан оқушылар көрсетті. Соның ізінше Оралхан Бөкейдің заманына табан тіреген қонақтар ұлттық құндылықты танытатын сахналық қойылымды тамашалады. Дәуірлер алмасуын, ондағы егемендік идеясын мектептің оқушылары өте жоғары деңгейде орындап шықты. Семинардың екінші бөлімі әдеби-шығармашылық кешке ұласып, ән, күй-тартыс, көлеңкелі театр сахналанды.

Семинарға қалалық білім берудегі технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскерлері Кирбаева Жазира Канашевна, Қасымбаева Арай Иманбековна және Түрксіб ауданы мектептерінің басшылары қатысты. Кері байланыс кезінде қатысушылар арнайы платформада пікірлері мен ұсыныстарын жолдады. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы және Сингапур елінің озық тәжірибесімен ұштасқан аталған семинар өз мақсатына жетіп, нағыз патриот жастарды тәрбиелеу арнасы екенін танытты.

«Ғасырлармен үндескен, тарихпенен тілдескен, тұлғалары біз дескен – ұлылықтың тұрағы» атаумен қалалық семинар өткіздік. Негізгі мақсатымыз 2023-2024 жылғы оқу жылындағы атаулы күндерді ұштастыра отырып, тіліміздің құрдеттілігін ұлықтау, ұлттық құндылықтарды насихаттау. «Бір тұтас тәрбие» бағдарламасындағы ұлттық мүдде негізінде жасалған жасампаз азаматты тәрбиелеу әдісімен бөлісу. Сонымен бірге Сингапурлық жүйедегі оқу-тәрбие процесімен ұштастыру, биыл жазда Алматы қаласы әкімімен қалалық білім беру басқармасының «Алматы мектептері» жобасы аясында Сингапур мемлекетінде іс-сапарда болып іс тәжірбие алмасып қайтқан едік. Қазір Сингапурде алған тәжірбиеміздің тиімді тұсын қолданып жатырмыз. Нәтижесінде, дәстүрден тыс оқыту мен тәрбиелеу формасы, сахналық көрініс әрекеттері, көлеңкелі театр элементтерінен тұрады. «Бір тұтас тәрбие» бағдарламасы мен Сингапур жүйесі еліміздің  патриот жастарын тәрбиелеп шығуға үлкен септігін тигізуде» — дейді  Түрксіб ауданы №84 жалпы білім беретін мектептің басшысы С.Ш.Молдасанова.

Өз тілшіміз

Басқа жаңалықтар

Back to top button