Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғамМерекелерЭнергетический ауылдық округі

Мейірімге толы мереке

Жуырда Іле аудандық «Мейірім» мүгедектер қоғамдық бірлестігі филиалының басшысы Байзақова Күләннің ұйымдастыруымен, жаңа жылдық іс-шара ерекше өткізілді.
Аудандық кітапхананың оқу залында ұйымдастырылған шарада, ән айтып, би билеген балалардың жүзінен тек қуаныш сезімі байқалды. Мерекелік кешке мүгедектер мен олардың бүлдіршіндері қатысты.
Ертегі кейіпкерлерінің кейпіне енген балалар жаңа жылдық кештің шырайын нұрландыра түсті. Аяз ата мен Ақшақарды сағына күткен балалар мерекелік тақпақтары мен әндерін айтып, сыйлыққа кенелді. Жаңа жылдық кешке аудандық мәдениет үйінің басшысы Қарлығаш Ұланқызы қатысып, шараға қатысты жылы лебізін білдірді:”Жаңа жылда отбасыларыңызға жаңа табыс, қуаныш, шаттық тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын» — деп кеш қонақтарын жаңа жылмен құтықтап, ағынан жарылды. Сондай- ақ, шара барысында мерекелік кештің жоғары деңгейде өтуіне қол ұшын беріп, демеуші болған кәсіпкерлер Ербол Рыспекұлы мен Ришат Маратұлына және аудандық кітапхананың директоры Қарлығаш Бұдығұловаға алғыс айтылды.
Ауданымыздың еріктілері де бұл шарадан қалыс қалған жоқ. Олар “Іле жүрегі” атты концерттік бағдарламаның өтуіне ат салысып, бүлдіршіндерге өз сыйлықтарын таратты.
Балалар сыйлық алып, көңілдері көтеріліп, бір марқайып қалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button