Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратҚоғамМәдениет

Ана тілім — қуатым

Тіл қай ұлтта,қай елде болса да қастерлі де құдіретті.Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп,қалыптасады.Тіл байлығы-әрбір елдің мақтанышы.Ол-атадан балаға мирас болып отыратын баға жетпес мұра. Әр ел өз тілі арқылы әлемді,дүниені,өмірдің  құнды тағылымдарын таниды да,келешек ұрпақтарына жеткізеді. Тіл-халық тарихы,тіл –ұлттық қазына,тіл-біздің намысымыз,арымыз,байлығымыз.

Осы орайда әлеуметтік тапсырыс аясында мәдениет,  тілдерді дамыту, дене шынықтыру және  спорт бөлімі, «Іле мұрагер» ҚБ ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Өңірлік ономастикалық өзекті мәселелері» атты  кездесу өтті.

Кездесу барысында  ономастикалық өзекті мәселелері талқыланды, сонымен қатар мемлекеттік мекемелерде, шағын және орта бизнес өкілдері арасында қазақ тілін қолдану туралы тоқталып, нұсқаулықтар берілді.

Қалағандай қиюлап үй татарын,

Балталап бұза алмайсың ұйқастарын.

Тіліңнің білгің келсе құдыретін,

Жұртыңның оқы өлең ,жыр дастанын

Болыңдар сайысқа келген аман бәрің,

Келіп тұр Егемендік замандарың!

Қазақ болып туғанмын жер үстінде,

Және де сол тіл үшін жаралғанмын,-деп ақын ағамыз жырлағандай әрбір Қазақстан Республикасының азаматы ана тілімізге жанашырлық танытып, қадірлей білу басты мақсат

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button