Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғамЭнергетический ауылдық округі

КӘСІПТІ ДҰРЫС ТАҢДАУ – БОЛАШАҚ ТАБЫСТЫҢ КЕПІЛІ!

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы

Азаматтық қорғаныс академиясы — «Өрт қауiпсiздiгi» мамандығы бойынша жоғары бiлiмi бар, адамгершiлiк және iскерлiк қасиеттерi жоғары, әр түрлi сипаттағы проблемаларды шешуге, төтенше жағдайлар жөнiндегi органдар мен бөлiмшелерде қызмет iстеу үшiн бiлiктi офицерлер даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орны. 2011 жылдан бастап екі жаңа мамандық енгізілді: «Төтенше жағдайлардағы күзет» және «Азаматтық қорғаныстың командалық тактикалық күштері».

Алматы облысының қызметкерлері М.Ғабдуллин Атындағы Азаматтық қорғау академиясында мансаптық жетекшілік ету жоспарына сәйкес жұмыс істейді. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2024-2025 оқу жылына, 11 сыныпты жалпы білім беретін мектептерде «М.Ғабдуллин атындағы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Академиясына қабылдау» тақырыбында бейнероликпен сұрақтар қарастырылуда. Тыңдаушылармен дәрістер мен әңгімелесулер жадынамаларды таратумен жүргізіледі.

Академияға қабылдау медициналық, дене шынықтыру және психофизиологиялық көрсеткіштер бойынша іріктеу нәтижелерін ескере отырып, ҰБТ сертификатының балдарына сәйкес конкурстық негізде жүргізіледі.

Іле ауданы ТЖБ

Басқа жаңалықтар

Back to top button