Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғамЭнергетический ауылдық округі

АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ПАРТИЯ АЛАҢЫНДА АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

Іле ауданы әкімінің орынбасары Асқар Құрманғалиев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға 10 азамат жазылып, өтініштерін білдірді. Тұрғындар негізінен тұрғын үй, әлеуметтік сала, инфрақұрылым мәселелері бойынша талап-тілектерін жеткізді.
Іле ауданы Өтеген батыр елді мекенінің тұрғыны Абдыл Закерулы Махмад аюб 2015 жылдан бастап «әлеуметтік осал топтар/ Көп балалы отбасылар (оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа», 1-ші және 2-ші дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен немесе «Батыр ана» атағын алған көп балалы аналар)»» санаты бойынша № 82 болып кезекте тұрғанын айтып, тұрғын үй алу мәселесі бойынша көмектесіп, ықпал етуді сұрайды.


Аудан әкімінің орынбасары бұл азаматшасының өтінішін жеке бақылауына алып, тиісті жұмыстарды ұйымдастыруды округ әкімі Қанат Рахимовқа тапсырды. Қазір жауапты мамандарға тапсырма беріліп, коммуналдық немесе жалгерлік тұрғын үйлер пайдалануға берілген жағдайда «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның талаптарына сәйкес және тиісті санат бойынша кезек ретімен қарастырылатын болады. «Энергетический» тұрғыны, тұл жетім баланың әжесі – асыраушысы Кишкенбаева Сарсенкуль Умираливна тұрғын үй және әлеуметтік көмек беру мәселесін көтерді. Қамқорлықтағы балалардың әжесі тұрғын үй кезегіне 13.09.2011 жылы тіркелгені атап өтіліп, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін баспана заң шеңберінде кезек ретімен табысталатыны түсіндірілді.
Өтеген батыр ауылының тұрғыны Ризвангул Жексембиева 2020 жылдан бері Көп балалы отбасылар» санаты бойынша № 609 болып баспана кезегінде тұрғандығын айтып, тұрғын үй алуға жәрдем беруін сұрайды.
Аудан әкімінің орынбасары мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй белгіленген тәртіппен кезек арқылы берілетінін атап өтті. Биылғы жылы ауданымыз бойынша 125 азаматтың пәтермен қамтылуы жоспарланғанын, және 216 пәтер ипотекалық несиемен алуға мүмкіндіктері барын жеткізді.
Сондай-ақ,аудан әкімінің орынбасарына қоғамдық қабылдауына жазылған Асемгуль Катекова Колдасов көшесі, №19, мекен-жайында балалар алаңшасын салу мәселелерін көтерді. Аудан басшысыының орынбасары тұрғындардың өтініштерін мұқият тыңдап, туындаған барлық мәселелер заң талаптары аясында шешілетінін мәлімдеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button