Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБілім және ғылымҚоғамЭнергетический ауылдық округі

Қаржылық сауаттылықты бірге арттырайық!

⚡️Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

Сіздерді «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылық бойынша оқуға шақырамыз. Жобаны Қазақстан Республикасының Үкіметі «AMANAT» партиясымен бірлесіп іске асыруда.

🗓️Халықты оқыту 2024 жылдың 5 ақпанында басталады. Оқыту бес күнге созылады.

📝Қатысу үшін ресми парақшамыздағы профиль тақырыбында орналасқан сілтеме арқылы форманы толтыру қажет.

Оқыту шеңберінде:
✅қаржы сарапшылары жеке консультациялар өткізетін болады,
✅қатысушылардың қалауы бойынша өз бизнесін ашу үшін мемлекеттік гранттық және кредиттік бағдарламаларға бизнес-жоспар жазуға көмектеседі,
✅сіз білікті заң көмегін ала аласыз, егер сіздің шоттарыңызға тыйым салынған болса, сіздің қарызыңыз коллекторлық компанияға сатылған болса, сізге несиелік қарызды қайта құрылымдау қажет және т.б.

Өтінімдер «AMANAT» партиясының филиалдарында қабылданады.

❗️Оқыту толығымен тегін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button