Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБілім және ғылымҚоғам

ҚАЗАҚСТАН АРМИЯСЫНА БІЛІМДІ ЖАСТАР КЕРЕК

Еліміз егемендігін алған тұста, бірінші кезекте әскери сала жұмысын заман талабына сай қайта жасақтау қажеттілігі туындады. Себебі, әскери қуаттылықты арттыру – тәуелсіз елдің болашағын баянды етудің негізгі тетігі еді. Біздің тұрақты тыныштығымыз бен қарқынды дамуымыз, ұлттық және табиғи құндылықтарды сақтауымыз да тікелей әскери сала жұмысының жүйелі ұйымдастырылуы аясында өрбитіні анық.

Осы орайда Іле ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі мен Іле ауданының Білім беру бөлімінің қолдауымен  Іле ауданы, Өтеген батыр ауылында орналасқан  №7 орта мектебінің мәжіліс залында  аудандағы білім беру ұйымдарының оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Жастарға патриоттық тәрбие және Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министірлігінің Әскери Колледжіне оқуға түсу туралы ақпарат беруді көздеген кездесуге Алматы облысы, Іле ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің Әскерге шақыру және әскерден тыс жұмыс бөлімшесі бастығы, майор Елемесов Сырман Дауреновичпен  бірге Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет Корпусынан келген арнайы өкілі, 2-ші сыныпты сержант Сафин Аслан Бактбекович жүргізді.

Алматы облысы, Іле ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің Әскерге шақыру және әскерден тыс жұмыс бөлімшесі бастығы майор Елемесов Сырман Дауренович еліміздегі барлық әскери оқу орындары жайлы, осы оқу орындарына түсу үшін қандай құжаттар жинау керектігін әскери қызметкер болғым келеді, елімізде қорғаныс саласында қызмет атқарамын немесе әскери білім аламын деген азаматтарға барлық жағдай жасалғанын, олардың айлық жалақысынан бөлек, тұрғын үймен қамтылуы, отбасы мүшелерімен бірге тегін медициналық көмек алуы, белгіленген нормалар бойынша заттай мүліктермен қамтамасыз етілуін мемлекет өз қолына алғандығын айтып өтті. Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет Корпусынан келген арнайы қонағымыз  2-сыныпты сержант Сафин Аслан Бактбекович Әскери колледжге түсудің жолдары мен жететін жетістіктері, әскери өмірдің қыр-сыры, жалпы оқытылатын мамандықтар мен оқу орнының тарихы туралы толық ақпаратпен бөлісті.

Әсерлі де, әдемі кездесу жастарды өз елінің патриоты болуға, сонымен қатар, Отанды сүюге деген көзқарастарын арттыратына сенеміз.

С. Кәдір,

Алматы облысы, Іле ауданының қорған

Басқа жаңалықтар

Back to top button