Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратҚазақстан жаңалықтары

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ӨҢІРЛІК КАДР РЕЗЕРВІ ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Арсен Абзалұлы Жакупов ағымдағы жылы өңірлік кадр резерві қалыптастырылатынын хабарлады.

Жас басқарушылардың өңірлік пулдарын қалыптастыру және өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту мақсатында биылғы жылдың 1 наурызынан бастап  іріктеу басталады.

Іріктеуді Алматы облысының Кадр комиссиясы жүзеге асырады.

Өңірлік резервке алынған адамдар сайланатын лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналаса алады.

Арсен Жакуповтың мәліметінше өңірлік резервке 4 бағыт бойынша 15 адам қабылданатыны айқындалды. Салалық бағыттары мен резервшілердің нақты саны өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды және мемлекеттік басқару жүйесін дамытудың басымдықтарын ескере отырып, Өңірлік кадр комиссиямен айқындалды.

Атап өту қажет, іріктеу 4 бағыт аясында жүзеге асырылады.

— агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары;

— экономика және қаржы;

— цифрландыру;

— әлеуметтік сала. 

Талаптарға сәйкес, іріктеуге 35 жастан аспаған, 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар жоғары білімді Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Өңірлік кадр резервінің мүшесі болу үшін үміткерлер 5 кезеңнен тұратын кешенді іріктеуден өтуі тиіс.

1 кезең – резервке іріктеуге қатысу үшін кандидаттардың құжаттарын қабылдау 2024 жылдың 1-31 наурызы аралығында onir.pkrezerv.gov.kz — жоба сайты арқылы жүзеге асырылады.

2 кезең – заңнаманы білуге және жеке қасиеттерін бағалауға тестілеу.

Тестілеу ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Алматы қаласы және Жетісу облысы филиалдарының тестілеу залдарында офлайн форматта екі блокта өтеді. (Бірінші блок «Заңнаманы білуге арналған тестілеу» 5-9 сәуір, Екінші блогы «Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеу» 13-14 сәуір аралығы)

3 кезең – құзыреттерді бағалау.

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы (Астана қаласы) базасында офлайн форматта өтеді. (алдын ала 22 сәуір – 7 маусым)

4 кезең – комиссиядағы құрылымдық сұхбат.

Кандидат таңдаған салалық бағытқа сәйкес жобаны презентациялау форматында өткізіледі.

5 кезең – комиссияның отырысынде резервке кандидаттарды қабылдау туралы ұсыныс шығарылады.

Бұдан басқа, кандидаттар құжаттарды onir.pkrezerv.gov.kz сайты арқылы немесе  уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне қағаз түрінде не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде тапсыра алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button