Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБілім және ғылымҚазақстан жаңалықтарыҚоғам

БАЛАЛАР БАСЫЛЫМЫ — ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ БАСТАУЫ

Алматыда балалар баспалары мен қаладағы №168-інші мектеп-гимназиясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Мұндай серіктестіктің басты артықшылықтарының бірі — жасөспірімдердің қызығушылығы мен қажеттіліктеріне бағытталған материалдарды бірлесіп әзірлеу және шығару мүмкіндігі. Бұл басылымдар мен оқырмандар арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, жас ұрпақтың сыни ойлауын дамытып, мәдени тәжірибесін байытуға септігін тигізеді. Бастама «Оқуға құштар мектеп — оқуға құштар ұлт» жобасының аясында жүзеге асып отыр.

Бауыржан Айткәрім №168 мектеп-гимназиясы диреторының міндетін атқарушы:
«Біздің мектепте өтіп жатқан шара аты айтып тұрғандай жас ұрпақты оқуға, кітапқа баулуға бағытталған. Бүгін елге танымал балаларға арналған журналдардың редакторлары келіп, екі жақты мемарандумға қол қойдық. Бұл келісім тәлімгерлердің сұранысын қанағаттандырып, әдебиеттегі сапаны одан ары жақсартуға мүмкіндік береді».

«Ұрпақ тәрбиесіндегі балалар басылымының рөлі» атты конференцияда оқушылар Балалар басылымдардың қызметі жайында біліп, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Қазір елімізде 20-дан аса балалар басылымы бар. Оның 4-і мемлекеттік дейді ұйымдастырушылар. «Балдырған» журналының бас редакторы Дүйсен Мағлұмов оқушыларға арналған контенттің сапасын арттыруда мектептермен бірге жұмыс істеп жатырмыз дейді.

«Мектепте мұғалім оқы деп белгілеп қолына ұстатып, соның мазмұнын сұрап, сол кітапта не жазылғанын сұрап, мазмұндама жаздырып отырмаса, ол баланың оқуы қиын. Қайтсек балаларға кітап оқытамыз? Қайтсек балаларға кітап-журнал оқытамыз деп. Осы мәселе бойынша 1-2айдан бері үлкен жұмыстар өткізіліп жатыр»,- деді Дүйсен Мағлұмов «Балдырған» журналының бас реадкторы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button