Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратҚоғам

ҚЫЗМЕТТЕР САПАСЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы  облысы бойынша  департаменті жанындағы арнайы талдау тобының ұсынысына сәйкес аудан әкімі жанынан мемлекеттік қызметтер сапасын бақылау жөніндегі арнайы мониторингтік топ тұрақты жұмыс жүргізеді.

Аталған топ мүшелері аудандағы Өтеген батыр, Байсерке ауылдық округі әкімінің аппараттары және округ аумағындағы мемлекеттік қызмет ұсынатын мекемелеріне мелекеттік қызметтердің сапасын арттыру, қызметтерді оңтайландыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды қабылдау мақсатында зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Аудан әкімінің жанынан құрылған мемлекеттік қызметтер сапасын бақылау жөніндегі мониторингтік топ мүшелері тарапынан зерделеу барысында бірқатар мекемелерге сын ескертпелер айтылды.

Мысалы өткен жылғы рейд барысында айтылған ұсыныстар Байсерке ауылдық дәрігерлік амбулаторияларында орындалмаған. Атап айтқанда нашар көретіндер үшін сары арнайы жолақтар, брайль қарпімен жазылған маңдайша жазулар мен белгілер т.б мәселелер назардан тыс қалған.  Бұл  жөнінде  аталған мекемеге талдау парақшасы толтырылып, ескерту жасалды.

Сонымен қатар, Кенен Әзірбаев (Покровка) ауылындағы ауылдық дәрігерлік амбулатория мекемесінің мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандусы талаптарға сай келмейді. Сондай-ақ келушілер үшін арнайы ақпараттық тақта ілінбеген. Сонымен қатар басқа да кемшіліктер бойынша ескертулер мен ұсыныстар айтылды.

Арнайы талдау тобындағы  «Үміт шырағы» мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық бірлестігінің төрайымы Темешова Үміт Біралиқызы   жоғарыдағы аталған округтерде 300 ге жуық  мүмкіндігі шектеулі жандар тұратынан назара ала отырып, барлық мемлекеттік мекемелерді мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімдеуді жалғастыру үшін жоғарғы тұрған органдарға қаржы мәселесін шешуге тұрақты түрде сұраныс беру қажеттігін айттып, мемлекеттік қызмет алуда мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай кедергісіз қызмет көрсетілсе деген ұсынысын жеткізді.

Өткен жылы Байсерке ауылдық округі әкімі аппараты  сервистік әкімдік ғимаратында келушілерге қолайлы жағдайлар жасалғанымен мүмкіндігі шектеулі жанадар үшін арнайы әжетхананы  талаптарға сәйкес жабдықтау ұсынылған. Арнайы талдау тобының ұсынысымен аталған кемшіліктер түзетіліп, талаптарға сәйкестірілгенін атап өткен жөн.

Аудан әкімі жанындағы арнайы мониторингтік топ өткен жылы 18 мекемеге ұсыныс беріп,  оның 11 орындалса, қалған 7 ұсыныс қаржы мәселеіне байланысты шешімін таппай отыр.

Алдағы уақытта барлық мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелердегі тұтынушыға жасалған жағдайды бақылау мақсатында тұрақты түрде зеределеу жұмыстарын жалғастыратын болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button