Білім және ғылымҚазақстан жаңалықтары

Студенттердің кәсіби шыңдалуында интеллектуалды ойын

Сапалы білімге қол жеткізу адамдардың өмірін жақсартуға және дамуға қол жеткізуге негіз қалайды. Білім беру көптеген басқа даму мақсаттарына қол жеткізудің негізгі факторы болып табылады.

Ғылымның қарқынды дамуы жағдайында білім алушылардың интеллектуалдық дамуына қойылатын талаптар күшейіп келеді.

Физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының ұйымдастыруменжақындаәл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 90 жылдығына арналған www.kaznu.kzҚазақстан Республикасы ЖОО студенттері арасында “League of chemists” IV ұлттық интеллектуалды ойын өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: достық қарым-қатынасты кеңейту және студенттердің ғылыми потенциалын анықтау және көтермелеу болып табылады (Тұрақты даму мақсаттары: 4-тарау,сапалы білім).

Ойын 4 турдан тұрды: таныстыру, блиц-тур, практикалық тапсырма, «қара жәшік». Танысу: 5 минут ішінде қатысушылар мен топ жетекшілері өздерін және өз білім ордасын шығармашылықпен таныстырды.Блиц-турда Quizizz қолданбасы арқылы экранда пайда болған сұрақтарға жауап беретін әр командадан бір ғана қатысушы қатысты.Практикалық тапсырма турында әр топ 15 минут ішінде химиядан берілген логикалық сауалға жазбаша жауап берді.«Қара жәшік»: сахнаға қара жәшік шығарылды, оның мазмұнын анықтау керек. Қатысушыларға сұрақ қойылды, оның жауабын 5 минут ішінде тиісті бланкіге жазды, содан кейін сахнаға команда капитандары шақырылып, өз жауаптарын айтты. Содан қара жәшік ашылды.

Қазылар алқасының құрамына педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Ы.Алтынсарин атындағы сыйлықтың лауреаты, Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру республикалық институтының директоры Г.К.Ахметова және ҚР Президенті жанындағы Ғылым және техника жөніндегі Ұлттық кеңестің мүшесі, жас ғалымДиас Тастанбеков кірді.

Келесі жоғары оқу орындарынан 7 команда қатысты: Ideal (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), Осмий (Абай атындағы ҚазҰПУ), H2O (Асфендиярова атындағы ҚазҰМУ), The teachers (СДУ), Монооксид Дигидрогена (Satbayev University), Катализаторлар квартеті (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), Кристальные умы (КБТУ).

Бірінші орынды Қ.И. Сатпаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың  командасы, екінші орынды-SDU, үшінші орынды-ҚазҰУ-дың «Катализатор квартеті»иеленді. Жүлдегерлер сәйкесінше 70 000, 50 000, 30 000 ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Университеттегі интеллектуалды ойындар студенттің жеке тұлғасын дамыту тұрғысынан айтарлықтай потенциалға ие және университеттің оқудан тыс жұмыс бағдарламасының құрамдас бөліктерінің бірі ретінде пайдалануға болады.

Батырбаева А.А., Искакова Р.А., Тусупбекова А.С.

Физикалық химия, катализ және    мұнайхимия кафедрасы

Басқа жаңалықтар

Back to top button