Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратҚазақстан жаңалықтарыҚоғам

Құрметті Іле ауданының тұрғындары!!!

Ағымдағы жылдың 20-31 мамыр аралығында business.enbek.kz порталында қайтарымсыз грантты алуға өтінімдерді қабылдау басталатынын хабарлаймыз!
400 АЕК (1 476 800 млн. теңге) дейінгі мөлшердегі қайтарымсыз грант.
Қайтарымсыз грантқа «Бизнес Бастау» сертификаты бар жұмыссыздар мен жеке кәсіпкер ретінде тіркелу өтілі 3 жылдан аспайтын кәсіпкерлер қатыса алады және олар төмендегі әлеуметтік санаттарға жатуы тиіс:
1) әлеуметтік жәрдемақы алатын көпбалалы отбасы мүшелері мен жұбайлары;
2) атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын аз қамтылған отбасылар;
3) қандастар;
4) қоныс аударушылар
5) еңбекке жарамсыз, мүгедектігі бар адамдар;
6) мүгедек баланы немесе оның мүгедек жұбайын (зайыбын) қараушы адамдар.
7) асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылар.
Қайтарымсыз грант кәсіпкерлікті бастаушыларға қолдау көрсету мақсатында мемлекет тарапынан бастау алған жоба. Грант қаражаттары жаңадан бастаған кәсіпкерлерге бизнес әлеуетін іске асыруға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқу үшін business.enbek.kz порталында тіркелу қажет. ЭЦҚ сұралады. Сәйкестік расталғаннан кейін business.enbek.kz платформасында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша тегін оқу курсына жазыла аласыз. Қорытынды тестілеуді сәтті тапсырғаннан кейін оқуды аяқтағаны туралы сертификаты беріледі. Сертификат болған жағдайда мемлекеттік грант алуға үміткер бола аласыз. Сертификат үш жылға жарайды. Мерзімі біткеннен кейін кәсіпкерлік негіздерін қайтадан оқуға болады.
Порталға тіркелу мүмкіндігі жоқ азаматтар Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Заманбек Батталханов, 7 В мекенжайы бойынша «Мансап орталығы» қызметкерлерінен кеңес пен көмек ала алады.
Өтініш беру үшін:
– порталда тіркелу;
– грант алу шарттарына сәйкестігін тексеруден өту;
– бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға жүктеу;
– өтініш формасын толтырып, ЭЦҚ кілтімен қол қою керек.
Гранттарды грант алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі аудандық/қалалық комиссиялардың шешімдері негізінде жұмыспен қамту орталықтары береді.
Үміткерлер комиссия отырыстарында бизнес-жобаларын таныстырады. Комиссияның әрбір мүшесі бизнес-жоспарды бағалайды. Олар келесі талаптар бойынша бағалау парағын толтырады:
– бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі;
– өткізу нарықтарының пысықталуы;
– бизнес-жобаның қаржылық өміршеңдігі;
– кәсіпкерлік дағдылардың деңгейі;
– жаңа жұмыс орындарын құру.
Осылайша, комиссия грант беру туралы шешімді нақты талаптарға сүйеніп қабылдайды. Комиссия шешімі өтініш берушінің порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі.

Іле ауданының «Мансап орталығы»

Басқа жаңалықтар

Back to top button