AMANATАлматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚазақстан жаңалықтарыҚоғам

ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫНДА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жуырда Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, аудандық партия  филиалының мәжіліс залында  Іле   аудандық  мәслихаты «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының  отырысы өтті. Аталған жиынды партияның аудандық филиалының төрағасы, мәслихат депутаты А. Сатибеков ашты. Күн тәртібіндегі  мәселе — Іле ауданында нысандарды су, газ, электр жарығы және жылумен қамтамасыз ету жағдайы  жайлы   Іле ауданы әкімінің орынбасары А. Әуесбай  атқарылған жұмыстар жайлы есеп беріп, жұмыстар сараланды.

А.Әуесбай: «Бүгінгі таңда аудан аумағында 235 балалар алаңы 88 спорт алаңдары бар, оның ішінде 125 балалар алаңы, 46 спорт алаңы жөндеуді қажет етеді.
Спорт және балалар алаңдарының жай-күйін жақсарту мақсатында 2023 жылы аудандық бөлім қаражаты есебінен Өтеген батыр ауылы және Боралдай кентінде абатандыру жүргізілді. Нәтижесінде, жалпы 11 спорт (Өтеген батыр – 11) және 22 балалар алаңдары жөнделді (Өтеген батыр – 21, Боралдай – 1). Жалпы жобалар сомасы – 639 млн. теңге (Өтеген батыр – 584,7 млн.теңге, Боралдай – 54,3 млн. теңге) құрады.
Сонымен қатар, 4 ауылдық деңгейі қаражатынан ауылдық округтер тарапынан спорт және балалар алаңдарының жай-күйі жақсарту мақсатында белсенді жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда 7 жаңа спорт (Ащыбұлақ-1, Қараой – 1, Жетіген – 1, Боралдай-1, Күрті-1, Байсерке – 2, Ақсай-2), 15 жаңа балалар (Ащыбұлақ – 2, Қараой –1, Жетіген – 1, Боралдай-3, Асқар Тоқпанов-3, Байсерке – 2. Ақсай – 2) және 3 балалар алаңы жөнделді (Ащыбұлақ-1, Өтеген батыр-2).
2024 жылға Бөлім алдында ауқымды инженерлік инфрақұрылымдарын (су, электр, жылу) салу немесе жөндеу жұмыстарын өткізу мақсаты қойылғандықтан, спорт және балалар алаңдарын салу немесе жөндеу жұмыстары қарастырылған жоқ.
Алайда, 4 ауылдық деңгейі қаражатынан ауылдық округтер тарапынан келесі жұмыстар жоспарланған: 2 жаңа спорт алаңдарын салу (Байкент-2), 5 жаңа балалар алаңдарын салу (Байкент-1, Қараой-2, Ақсай-1, Күрті-1), 8 балалар алаңын жөндеу (Боралдай-2, Ащыбұлақ – 2, Байсерке-2, Өтеген батыр – 2) жұмыстары қарастырылған».

Ауылдарда су құбырын жүргізу, абаттандыру, электр шамдарын орнату, көппәтерлі үйлердің шатырын жөндеу, газ желісін тұрғын үйлерге қосу жұмыстарының қымбатшылығы т.б. өзекті мәселелер өзара  талқыланып, орындалуы барысы сараланды. Жиынға қатысқан Іле аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы  бө-лімінің басшысы Ә.Майшыбаев қосымша қойылған сұрақтарға жауап беріп, атқарылатын жұмыстар назарға алынатынын айтты. Фракция отырысында қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

 

Өз тілшіміз

Басқа жаңалықтар

Back to top button