Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚазақстан жаңалықтарыҚоғамСақ болыңыз!

Ауданымызда «Жер – 2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында ауқымды сейсмикалық жаттығуы өтті

Ағымдағы жылдың 5 маусымында Іле ауданы, Өтеген батыр ауылындағы Орталық алаңда  ҚР ТЖ министрлігінің нұсқаулығына сәйкес, «Жер-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында сейсможаттығу өткізілді. Негізгі мақсат — азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарын одан әрі жетілдіру, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтерінің, басқару органдарының күштері мен құралдарын жойқын жер сілкінісі туындаған кезде ТЖ жоюға дайындау. Сейсможаттығуға Алматы облысы, Іле ауданының тұрғындарымен бірге Іле ауданының азаматтық қорғау қызметтері (Өтеген батыр ауылы №8 ӨСБ және ТЖБ — 3  техника, 15 қызметкер, Іле ауданының орталық ауруханасы 2 техника, 6 қызметкер, «Қазақтелеком» — 1 техника, 5қызметкер, Іле ауданы кәсіпкерлік бөлімі 2 қызметкер, Алатау жарық компаниасы 1 техника,4 қызметкер, аудандық полиция басқармасы 2 техника, 6 қызметкер, аудандық санитарлы-эпидемиялық басқару басқармасы 1 техника, 6 адам, облыстық трассалық медициналық құтқару пункті 1 техника, 5 медицина қызметкерлері, Қонаев қаласының авариялық құтқару отряды 2 техника, 10 қызметкер) жұмылдырылды. Шартты түрдегі табиғи апатқа байланысты жедел штаб құрылып, оның жұмысына Алматы облысы, Төтенше жағдайдар департаментінің, Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы подполковник Разакулов Ералы Маратұлы жетекшілік етті.

Сейсможаттығу барысында эвакуация кезінде іс-әрекеттер белсенді түрде пысықталып, авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді және дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетілді. Бұл іс-шара халықтың жер сілкінісі кезіндегі дайындығын арттыруға бағытталған. Дабыл қағылып, көпқабатты тұрғын үйдегі барлық халық сыртқа шығып, қауіпсіз жерге жиналды. Төтенше жағдай қызметкерлері қайда не орналасқанын көрсетті. Қауіпсіз аймақта, Орталық алаңда арнайы шатырлар да құрылды. Онда негізінен әкімшілік пункт, демалыс пен тамақтанатын орындар және медициналық алғашқы көмек көрсететін шатырлар бар.

Мамандардың сөзінше, жер сілкінісі кезінде ең бірінші кезекте сабыр сақтау қажет. Жедел түрде алаңға жеткізілген тұрғындарға алғашқы көмек көрсетіліп, түсіндіру жұмыстары мен Төтенше жағдай кезіндегі іс-қималдар, сақтық шаралары түсіндіріліп, профилактика жүргізілді. «Өткізілген сейсможаттығу республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында өткізіліп жатыр. Мақсатымыз: «ЖК Элит» тұрғын үйінің тұрғындарын жер сілкінісі кезіндегі сақтық жараларына дайындау, білімдерін арттыру, жаттықтыру. Төтенше жағдай кезінде не істеу керек, қандай ережелер сақталуы керек екені жайлы толық ақпарат беріп, апаттық жағдай орын алғанда біздің тарапымыздан құтқару жұмыстары қалай жүзеге асатынын, оның барысын, альпинистік құрал-жабдықтармен, медициналық көмек, автосатымен эвокациалау қалау жүзеге асатынын таныстып, іс-жүзінде көрсеттік. Іле ауданының азаматтық қорғаныс қызметтерінің іс-қимылдарын тексеріп, апаттық жағдайға қаншалықты дайын екеніне баға беріп қортындылайтын боламыз», — дейді Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің, Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы подполковник Ералы Маратұлы. Айта, кетейік, аудан көлемінде өткізілген жиынға 100 ге жуық тұрғындар мен азаматтар қатысты.

Карима Мейрамбекқызы

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button