ТАЗА БЕЙСЕНБІ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Президент аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру, қалалардың көшелерін тазарту, елді мекендердің таза ұстау бойынша тапсырмасына орай, жалғасын тауып жатқан «Таза Қазақстан»экологиялық акциясы бастау алған болатын.
Осыған орай бүгін «Таза бейсенбі» акциясы Боралдай кентінде ұйымдастырылып, АMANAT партиясының қызметкерлері, аудандық мәслихат депутатары БПҰ – ның төрағалары, партия белсенділері мен фракция мүшелері және Жастар Рухының мүшелері белсене атсалысты. «Жастар Рухының» Аудан белсенділері және волонтерлер жол жиегінен 1,5 тоннадан астам қоқыс жинады.
– Ауданымыз бәрімізге ортақ болған соң, оны таза ұстау да барлығымыздың ортақ міндетіміз, – деді партия төрағасы Алмасбек Сатибаев. Игі іске біріккен партияластар аталған шараны тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.