Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыКүшіміз Бірлікте!Қоғам

«QASYNDAMYN» АНАЛАРМЕН БІРГЕ

Ерекше балалардың аналарына қолдау көрсетуге арналған «QASYNDAMYN» жобасы бастау алды. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Өтеген батыр кентіндегі «URBO COFFE» кофеханасында Іле ауданы Жастар ресурстық орталығының басшысы Тынышпаева Мариям Айдарқызының бастауымен «QASYNDAMYN» жобасы аналармен алғашқы кездесуін өткізді. Бұл кездесуде ерекше балалардың аналары өзара танысып, тәжірибе алмасып, еркін әңгімелесті. Осылайша, аналар қауымдастығының алғашқы қадамдары жасалып, бір-біріне қолдау көрсету мен ортақ мақсаттарға жету жолында алғашқы байланыстар орнады. Алдағы уақытта жоба аясында аналар үшін әртүрлі курстар мен мастер-кластар ұйымдастырылып, оларға жаңа дағдыларды меңгеруге мүмкіндік беріледі.

«Әр адамның жанында «қасыңдамын» дейтін жанның болуы өте маңызды. Ал ерекше балалардың аналарына ол екі есе маңызды дегім келеді. Себебі, ерекше балаға қамқор болу екі есе күш, екі есе махаббат, екі есе еңбек пен қамқорлықты талап етеді. Өзім ерекше баланың анасы ретінде бұл үлкен аманатты, жауапкершілікті, аналарымызды жақсы түсінемін. Біз, аналар, әйелдер қауымы әрдайым бір-бірімізге жанашыр,  қолдаушы болуымыз керек деп ойлаймын. Осы мақсатта «Sen» медиа кеңістігінің, Жастар ресурстық орталығының ұжымдық қолдауымен игі бастаманың алғашқы кездесуін ұйымдастырып отырмыз. Жоба координаторы Дана Ұзақбайқызы алдағы уақытта аналарымызға қолдау білдіріп, жобаның нәтижелі аяқталуы үшін аянбай еңбек етпек»,- дейді өз сөзінде Мариям Айдарқызы. «QASYNDAMYN» жобасының аясында аналар өзара тәжірибе алмасып, аудандық кәсіпкерлер, «Тәттім» кофеханасының негізін қалаушы Эльнара Жеңісқызының, «Айша» ательесінің басшысы Айгүл Айдарқызының, кәсіпкер Дарынбай Сымбат және психолог Альмира ханымның жетекшілігімен пайдалы курстарға қатыса алады. Мәселен, тігін тігу, кондитерлік өнер, ораторлық шеберлік және тағы басқа дағдыларды үйрену мүмкіндігі беріледі. Қатысушы аналар үшін бұл бастама жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, қоғамдағы орнын нығайтуға көмектесетіні сөзсіз. «QASYNDAMYN» жобасының мейірімді қадамы мен аналарға сәттілік тілейміз!

Өз тілшіміз

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button