РеферендумРеферендум2026
Ащыбұлақ ауылдық округінде референдум күні спорттық ойындар ұйымдастырылды

15 наурыз күні өткен республикалық референдум аясында Ащыбұлақ ауылдық округіндегі №413 және №1058 референдум учаскелерінде ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті.
Іс-шара барысында ауыл тұрғындары асық атудан өзара бақ сынап, ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын көрсетті. Қатысушылар белсенділік танытып, жарыс тартысты әрі қызықты өтті.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, референдум күні ұйымдастырылған мұндай шаралар халықты бір ортаға жинап, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, спорттық ойындар учаскелердегі белсенділікті арттырып, тұрғындар арасында жағымды қоғамдық атмосфера қалыптастыруға ықпал етті.



