Аудан жаңалықтарыРеферендумРеферендум2026

Ауданымызда ардагерлер ұйымының төрағасы өз таңдауын жасады

Іле ауданында орналасқан Ардагерлер ұйымы республикалық қоғамдық бірлестігі аудандық филиалының төрағасы, Іле ауданының Құрметті азаматы Исаев Әмзе Әлдибекұлы дауыс беру күні өз таңдауын жасап, азаматтық белсенділігін көрсетті.

Ол Жәпек батыр ауылындағы №407 референдум учаскесіне келіп, дауыс берді. Аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы бұл саяси науқанның ел болашағы үшін маңызы зор екенін атап өтті.

Әмзе Әлдибекұлының айтуынша, әрбір азаматтың дауыс беруі – қоғамның дамуына қосқан үлесі. Ол жастарды да, аға буын өкілдерін де референдум үдерісіне белсенді қатысуға шақырды.

Референдум учаскесінде дауыс беру жұмыстары заң талаптарына сәйкес, ашық әрі ұйымдасқан түрде өтті. Тұрғындар өз таңдауларын жасап, ел болашағына қатысты азаматтық ұстанымдарын білдірді.

Ардагерлер ұйымының өкілдері де әрқашан қоғамдық өмірге белсенді араласып, елдің бірлігі мен тұрақтылығын нығайтуға үлес қосып келеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button