Аудан жаңалықтарыРеферендумРеферендум2026

Белгілі кәсіпкер Сыдық Әбуұлы референдумға өз таңдауын жасады

Республикалық референдумға қоғамның әр саласының өкілдері белсенді қатысып жатыр. Солардың қатарында Іле ауданының тумасы, кәсіпкер әрі түйе шаруашылығын дамытып жүрген азамат Сыдық Әбуұлы да бар, деп хабарлайды 

Сыдық Әбуұлы өңірде ірі шаруашылық жүргізіп, түйе шаруашылығын дамыту бағытында еңбек етіп жүрген кәсіпкерлердің бірі. Ол ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қосып қана қоймай, ұлттық дәстүр мен көшпелі мәдениетті насихаттауға да ерекше көңіл бөледі.

Айта кетейік, 2025 жылдың 20 қыркүйегінде Алматы облысы Іле ауданы Күрті ауылдық округіне қарасты Ақши ауылында ерекше тарихи оқиға өткен еді. Ұлттық рухты жаңғырту және көшпелі мәдениетті дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған түйе керуені Guinness World Records кітабына енген. Бұл тарихи жетістікке түйеші Сырым Дәулетов жетекшілік еткен. Бүгінде Сыдық Әбуұлы түйе шаруашылығын дамытып, әлемде теңдесі жоқ ірі аграрлық кластер қалыптастыруды мақсат етіп отыр.

Кәсіпкер референдумға қатысып, өз азаматтық ұстанымын білдірді. Негізінде ол Іле ауданы Күрті ауылдық округіне қарасты Ақши ауылындағы №41 орта мектепте орналасқан №416 референдум учаскесінде дауыс беруі тиіс болған. Алайда қазіргі уақытта Астана қаласында болғандықтан, №129 референдум учаскесінде дауыс берді.

«Референдум – халықтың өз болашағына бейжай қарамай, ел дамуына тікелей қатысуының көрінісі. Әр азаматтың дауысы еліміздің тұрақты дамуына, бірлігіміз бен берекеміздің нығаюына қосылған үлес. Осындай маңызды сәтте ел тағдырына жауапкершілікпен қарап, белсенділік таныту – әрқайсымыздың азаматтық парызымыз», – деді Сыдық Әбуұлы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button