БОРАЛДАЙДА РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ ДҮКЕНДЕРДЕ ЖЕҢІЛДІКТЕР ЖАРИЯЛАНДЫ
15 наурыз күні республикалық референдум өтетін күні Боралдай кентінде тұрғындар үшін арнайы жеңілдіктер акциясы ұйымдастырылды. «Наурыз SALE» атты акция аясында кенттегі бірқатар ірі сауда орындары тауар бағаларын төмендетіп, сатып алушыларға арнайы ұсыныстар жасады.
Акцияға «Magnum», «Toimart» және басқа да дүкендер қосылып, азық-түлік пен күнделікті тұтынатын бірқатар тауарларға жеңілдіктер ұсынды.
Тұрғындар бұл бастаманы жылы қабылдады. Көптеген азаматтар тиімді бағамен қажетті тауарларын сатып алып, мұндай акцияның халыққа пайдалы екенін атап өтті.
Жергілікті тұрғындардың пікірінше, референдум күні ұйымдастырылған осындай әлеуметтік бастамалар тұрғындарға қолайлы жағдай жасап, мерекелік көңіл-күй қалыптастыруға ықпал етеді.
https://www.instagram.com/reel/DV5b7N3gumm/?igsh=MTdjZnF1bnhkd3psdA==



