РеферендумРеферендум2026

Референдум күні Іле ауданындағы учаскелердің бірінде «Ана бейнесі» атты фотокөрме ұйымдастырылды

Референдум күні Іле ауданындағы учаскелердің бірінде «Ана бейнесі» атты фотокөрме ұйымдастырылды. Көрмеде ананың мейірімі мен қоғамдағы маңызды рөлін бейнелейтін фотосуреттер мальберттерге орналастырылып, келушілер назарына ұсынылды.

Дауыс беру учаскесіне келген тұрғындар көрмені тамашалап, фотосуреттер арқылы анаға деген құрмет пен отбасы құндылықтарын бейнелейтін сәттермен танысты. Көрме учаскеде қалыптасқан мәдени атмосфераны толықтыра түсті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фотокөрме ананың қоғамдағы орны мен отбасы құндылықтарының маңызын көрсету мақсатында қойылған.

Келушілер фотосуреттерді қызығушылықпен қарап, өз әсерлерімен бөлісті. Көрме барысында ананың мейірімі мен тәрбиесінің қоғам өміріндегі рөліне қатысты түрлі пікірлер айтылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button