Өтеген батыр ауылында 90 ға жеткен қария референдумда белсенділік танытты

Іле ауданына қарасты Өтеген батыр ауылында 90 жасқа жақындаған қария Патаров Жамалдин референдумға қатысып, азаматтық белсенділіктің жарқын үлгісін көрсетті. Жасы ұлғайғанына қарамастан, ақсақал дауыс беру учаскесіне арнайы келіп, өз таңдауын жасады. Қарияның бұл қадамы учаскеге келген тұрғындарға ерекше әсер қалдырды. Көпшілік оны құрметпен қарсы алып, ақ батасын алды. Жамалдиннің атаның айтуынша, елдегі маңызды қоғамдық оқиғаларға қатысу – әр азаматтың азаматтық жауапкершілігі. Ақсақал жасы келсе де, дауыс беруге келуді өз міндеті санайтынын айтты.
«Біз талай кезеңді бастан өткердік. Сондықтан осындай маңызды күндері келіп, өз таңдауымды жасауға тырысамын. Жастар да қоғам өміріне белсенді араласып жүргенін көргім келеді», – деді қария.



