Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары

«Таза Қазақстан»: тазалық – ортақ міндет

Іле ауданында қоршаған ортаны қорғауға, елді мекендерді абаттандыруға және тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда.

19 қыркүйек күні сағат 10:00-де Іле ауданының барлық аумағын қамтитын ауқымды экологиялық акция өтеді. Іс-шараға әрбір ауыл, әрбір көше және әрбір үй атсалысады. Акцияға еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдар, жастар, еріктілер және аудан тұрғындары қатысады.

Акция барысында көшелер, аулалар, қоғамдық орындар мен елді мекендерге іргелес аумақтар тазартылып, санитарлық жұмыстар жүргізіледі. Негізгі мақсат – айналаны таза ұстау ғана емес, әрбір тұрғынның туған жеріне деген жауапкершілігін арттыру.

Тазалық – тек коммуналдық қызметтердің міндеті емес. Ол – баршаға ортақ жауапкершілік. Әр тұрғын өз ауласын, көшесін және ауылын таза ұстауға үлес қосса, ауданымыз да көркейе түседі.

«Таза Қазақстан» – бір күндік науқан емес, қоршаған ортаға деген мәдениетті қалыптастыратын ортақ бастама.

Іле ауданы – біздің ортақ үйіміз. Оны таза әрі көрікті ету – баршамызға ортақ міндет.

Барша аудан тұрғындарын 19 қыркүйек күні сағат 10:00-де өтетін экологиялық акцияға белсенді қатысуға шақырамыз!

Таза ауыл – әрқайсымыздан басталады!

Басқа жаңалықтар

Back to top button