Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары

Жаңа Конституция жобасы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтіп, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам

Қазақстанда қабылданған жаңа Конституция жобасы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтіп, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланды.Ең негізгі бағыттары:
Адам құқықтары: Құжат өмір сүру құқығының абсолюттілігін, адамның жеке басына тиіспеу қағидатын нығайтып, азаматтардың мемлекеттен өз құқығын қорғау тетіктерін жетілдіреді.
Билік жүйесі: Президенттік басқару нысанын сақтай отырып, бірпалаталы заң шығарушы орган — Құрылтай институтын енгізу және вице-президент лауазымын қосу арқылы билік тармақтарының жауапкершілігі мен сабақтастығы айқындалды.
Стратегиялық басымдықтар: Ата заңда білім, ғылым, инновация және цифрландыру үдерістері мемлекеттің тұрақты дамуының негізгі тірегі ретінде бекітілді.
Ең бастысы: Жаңа Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін едәуір күшейтіп, оларды заманауи халықаралық стандарттарға сәйкестендірді.
Мен Ақсақалдар кеңесінің атынан, халықтың атынан осындай елімізде болып жатқан өзгерістерді әрқашан қолдаймын.

Іле ауданының Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сейдәлиев Мақсат

Басқа жаңалықтар

Back to top button