Мәслихат-2026

АЙДАР РАҚЫМЖАНҰЛЫ АБДРАХМАНОВ «ӘДІЛЕТ» партиясынан Іле аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат №14 бірмандаттық аумақтық сайлау округі

ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Ауылдың өркендеуі — халықтың əл-ауқатының өлшемі. Туған жерін жақсы көретін, адал еңбек етіп, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын тұрғындарымыз. Ауылдың көркеюі бір күнде жүзеге аспайды. Ол жүйелі жұмысты, ортақ жауапкершілікті жəне халықпен тұрақты байланысты талап етеді. Мен осы жолда тұрғындармен бірлесе əрекет етіп, ауылдың əлеуметтік жағдайын жақсартуға, инфрақұрылымын дамытуға, кəсіпкерлік пен жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған бастамаларды қолдауды өзімнің маңызды міндетім деп санаймын. Əрбір ауылға көңіл бөлініп, əр отбасының лайықты өмір сүруіне жағдай жасалуға тиіс. Жақсы жол, қолжетімді əлеуметтік қызмет, тұрақты жұмыс пен жастарға мүмкіндік – мұның бəрі уəде күйінде қалмай, күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналғанын қалаймын. Барлық мəселені бірден шешу мүмкін емес екенін түсінемін. Дегенмен депутаттық өкілеттігім аясында сіздердің мүдделеріңізді қорғап, əр мəселенің шешімін табу үшін жүйелі жұмыс істеуге дайынмын.

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

Менің басты ұстанымым — халыққа жақын болу, сөзден іске көшу, əр шешімнің ортасына адам мүддесін қою. Сондықтан ауылдың əр көшесіндегі мəселе, əр отбасының ұсынысы, əр жастың арманы назардан тыс қалмауы тиіс. Мен халық пен билік арасындағы сенімді байланысты нығайтуға, айтар тілектеріңіз бен ұсыныстарыңызға, сын-ескертпелеріңізге əрдайым құлақ асамын. Əрқайсыңызды мұқият тыңдап, толғандырған мəселелеріңіздің байыбына баруға, шешімін табу үшін бар күшімді салуға дайынмын.

2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

 НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

  1. ЖОЛДАР МЕН КӨЛІК

2027 жылы Ақсай ауылындағы Б.Момышұлы, Мəңгілік ел, Ата мұра, Н.Тілендиев, Карагушенов, Бейбарыс Сұлтан көшелерінін толықтай асфальтауға қол жеткізу. Аудандағы елді мекендер арасындағы көлік қатынасын жақсартуға, қоғамдық көліктің тұрақты жүруін қамтамасыз етуге жəне жолдарды сапалы күтіп ұстауға жəрдемдесу.

  1. СУМЕН ЖƏНЕ ЭЛЕКТРМЕН

 ЖАБДЫҚТАУ, КОММУНАЛДЫҚ

 ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Жаңа құрылыс алаңындағы Атырау, Байқоңыр, Астана көшелерін 3,5 км. сумен жəне жарықпен 3км. жабдықтау мəселелерін шешуге, тозған инженерлік желілерді жөндеуге қол жеткізу. Ауылдық елді мекендерді электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етуге жəне көшелерді жарықтандыру аясын кеңейтуге ерекше көңіл бөлу.  Қуатты өңірлер – қуатты ел!

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖƏНЕ АУЫЛ

КƏСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУ

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие беру аясын кеңейтуге, жеке қосалқы шаруашылықтарды, отбасылық кəсіпкерлікті жəне ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға жəрдемдесу.

  1. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

Жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету, ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту жəне ауыл шаруашылығы қызметтерінің қолжетімділігін арттыру мəселелерінде ауыл тұрғындарының мүддесін қорғау. Жергілікті фермерлер мен жеке қосалқы шаруашылықтардың өнімдерін сатуға арналған, тиісті түрде жабдықталған алаң құруға қол жеткізу.

  1. ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖƏНЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫ

Шағын бизнесті дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу жəне инвестиция тарту арқылы тұрақты жұмыс орындарын ашуды қолдау. Бетон блок кəсіпорынын ашып, жылыжайлар ашып ауыл тұрғындары арасында 50 жуық адамды жұмыспен қамту.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ ƏРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА

Ақсай ауылына жаңа аурухана құрылысын салуға, бейінді дəрігерлердің қызметі мен шалғай ауылдардағы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға қол жеткізу. «Дипломмен ауылға» жобасын қоса алғанда, мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану арқылы медицина кадрларын тартуды қолдау.

  1. ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖƏНЕ

БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

Ақсай ауылындағы тозығы жеткен №16 орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына қол жеткізу, материалдық-техникалық жабдықталуын жақсартуға, білім беру ұйымдарына баратын жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қол жеткізу. Сондай-ақ Ақсай ауылына спорт жəне демалыс кешенін салуға, балалар жəне спорт алаңдарын дамытуға басымдық беру. Ақсай ауылы тұрғындарына арналған орталық саябақ салу мəселесіне қол жеткізу.

  1. ƏЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖƏНЕ

 ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ

Қарт адамдар, балалы отбасылар жəне мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік əлеуметтік қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз етуге күш салу. Əлеуметтік осал азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға жəне аудан мекемелерінде қолжетімді орта қалыптастыруға жəрдемдесу.

  1. САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ПЕН ИНТЕРНЕТ

Ұялы байланыс пен интернет сапасын жақсартуға, сондай-ақ Шабыт ықшам ауданына интернет желісінің қамту аясын кеңейтуге қол жеткізу. Ауылдық мекемелерді цифрландыруды жəне электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруды қолдау.

  1. ТАЗА ƏРІ

АБАТТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЛДАР

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында Абай жəне Əйтеке би көшелерін абаттандыруға, қалдықтарды жинау мен шығару жүйесін жақсартуға, елді мекендерді көгалдандыруға жəне жайлы қоғамдық кеңістіктер құруға қол жеткізу. Сіздердің пікірлеріңіз – менің бағдарыма негіз! Сенімдеріңізді адал еңбекпен ақтаймын! Əр шешімім – туған жердің игілігі үшін!

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

Мен, Абдрахманов Айдар Рақымжанұлы, Кеген ауданында туып-өстім. Мамандығым-құрылыс саласы жəне дизайн интерьері. Қызметімнің 16 жылға жуығы өнер, құрылыс саласымен тығыз байланысты. Кəсіби қызметім барысында мемлекеттік органдармен оның ішінде жастармен тығыз жұмыс жасадым. Жастардың əлеуетін дамытуға, олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына, бастамалары мен жобаларын қолдануға жəне кəсіби тұрғыда дамуына мүмкіндік жасауға ерекше көңіл бөлдім. Алдағы қызметімде нақты мақсатқа сүйене отырып, көтерілген мəселелердің шешілу барысын бақылауға жəне тұрғындармен ашық байланыс орнатуға мəн беремін. Əрбір бастаманың халыққа, ауыл тұрғындарына пайда əкелуі мен үшін маңызды. Басты назарда халықтың тұрмыс жағдайын көтеру, ауыл кəсіпкерлігін дамыту, ауылдың инфрақұрылымын дамыту, жастарға мүмкіндік жасау жəне ауылымызды көркейту міндеттері тұр. Міндеттемелерімнің негізінде нақты міндеттер, нысандар мен мерзімдер жатыр. Олардың даму жоспарлары мен аудандық бюджетте ескерілуіне қол жеткізіп, қабылданған шешімдердің орындалуын бақылап, тұрғындар алдында ашық есеп беремін. Мен үшін депутаттық жұмыстың басты нəтижесі – халықтың сенімімен өмір сүру сапасының жақсаруы.

Құрметпен, Айдар Абдрахманов

Кандидаттардың үгіт-насихат

материалдары республикалық

 бюджеттен қаржыландырылды

 

АЙДАР РАКЫМЖАНОВИЧ АБДРАХМАНОВ

 Кандидат в депутаты Илийского районного маслихата от партии «ӘДІЛЕТ»

Одномандатный территориальный

избирательный округ №14

УВАЖАЕМЫЕ ЗЕМЛЯКИ!

Развитие села — важнейший показатель благосостояния его жителей. Главная опора родного края — люди, которые любят свою землю, добросовестно трудятся и ответственно относятся к своему делу.

Процветание села не достигается за один день. Для этого необходимы системная работа, общая ответственность и постоянный диалог с населением.

Считаю одной из своих важнейших задач совместную работу с жителями, поддержку инициатив, направленных на улучшение социальной сферы, развитие сельской инфраструктуры, расширение возможностей для предпринимательства и трудоустройства.

Каждому селу должно уделяться должное внимание, а каждой семье необходимо создать условия для достойной жизни. Качественные дороги, доступные социальные услуги, стабильная работа и возможности для молодёжи — всё это должно перестать быть просто обещаниями и стать неотъемлемой частью нашей повседневной жизни.

Я понимаю, что решить все проблемы сразу невозможно. Тем не менее готов в рамках депутатских полномочий последовательно работать над решением каждого вопроса и отстаивать ваши интересы.

МОИ ПРИНЦИПЫ

Мой главный принцип — быть ближе к народу, переходить от слов к конкретным делам и ставить интересы человека во главу каждого решения.

Поэтому ни одна проблема на улицах наших сёл, ни одно предложение семьи и ни одна мечта молодого человека не должны оставаться без внимания.

Я намерен укреплять доверительные отношения между населением и властью, всегда прислушиваться к вашим пожеланиям, предложениям и критическим замечаниям.

Готов внимательно выслушать каждого из вас, разобраться в волнующих вопросах и приложить все усилия для их решения.

КОНКРЕТНЫЕ ОБЯЗАТЕЛЬСТВА НА 2026–2031 ГОДЫ

  1. ДОРОГИ И ТРАНСПОРТ

Добиваться полного асфальтирования улиц Б. Момышулы, Мәңгілік Ел, Ата Мұра, Н. Тлендиева, Карагушенова и Бейбарыс Султан в селе Аксай в 2027 году.

Содействовать улучшению транспортного сообщения между населёнными пунктами района, обеспечению регулярного движения общественного транспорта и качественному содержанию автомобильных дорог.

  1. ВОДОСНАБЖЕНИЕ, ЭЛЕКТРОСНАБЖЕНИЕ И КОММУНАЛЬНАЯ ИНФРАСТРУКТУРА

Добиваться решения вопросов строительства водопроводных сетей протяжённостью 3,5 км и сетей электроснабжения протяжённостью 3 км на улицах Атырау, Байконыр и Астана в районе новой застройки, а также ремонта изношенных инженерных коммуникаций.

Особое внимание уделять обеспечению бесперебойного электроснабжения сельских населённых пунктов и расширению сети уличного освещения.

Сильные регионы — сильная страна!

  1. ДОСТУПНОЕ КРЕДИТОВАНИЕ И РАЗВИТИЕ СЕЛЬСКОГО ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВА

Содействовать расширению возможностей льготного кредитования сельских жителей в рамках программы «Ауыл аманаты», развитию личных подсобных хозяйств, семейного предпринимательства и сельскохозяйственных кооперативов.

  1. ПОДДЕРЖКА СЕЛЬСКОГО ХОЗЯЙСТВА

Защищать интересы сельских жителей в вопросах обеспечения пастбищными угодьями, развития ветеринарной инфраструктуры и повышения доступности сельскохозяйственных услуг.

Добиваться создания специально оборудованной торговой площадки для реализации продукции местных фермеров и владельцев личных подсобных хозяйств.

  1. НОВЫЕ РАБОЧИЕ МЕСТА И ПОВЫШЕНИЕ ДОХОДОВ СЕЛЬСКИХ ЖИТЕЛЕЙ

Поддерживать создание постоянных рабочих мест за счёт развития малого бизнеса, переработки сельскохозяйственной продукции и привлечения инвестиций.

Содействовать открытию предприятия по производству бетонных блоков и созданию тепличных хозяйств, что позволит обеспечить работой около 50 сельских жителей.

  1. ДОСТУПНАЯ И КАЧЕСТВЕННАЯ

 МЕДИЦИНА

Добиваться строительства новой больницы в селе Аксай, повышения доступности услуг профильных врачей и медицинской помощи для жителей отдалённых населённых пунктов.

Содействовать привлечению квалифицированных медицинских кадров с использованием государственных мер поддержки, в том числе в рамках программы «С дипломом — в село!».

  1. СОВРЕМЕННЫЕ ШКОЛЫ И КОМФОРТНЫЕ УСЛОВИЯ ДЛЯ ДЕТЕЙ

Добиваться проведения капитального ремонта средней школы № 16 в селе Аксай, здание которой нуждается в обновлении, улучшения её материально-технической базы и обеспечения безопасности дорог, ведущих к образовательным учреждениям.

Уделять приоритетное внимание строительству спортивно-досугового комплекса в селе Аксай, развитию детских игровых и спортивных площадок.

Добиваться строительства центрального парка для жителей села Аксай.

  1. СОЦИАЛЬНАЯ ЗАЩИТА И ПОДДЕРЖКА СЕМЕЙ

Прилагать усилия для обеспечения доступности государственных социальных услуг пожилым людям, семьям с детьми и гражданам с инвалидностью.

Содействовать улучшению условий жизни социально уязвимых категорий населения и созданию доступной, безбарьерной среды в учреждениях района.

  1. КАЧЕСТВЕННАЯ МОБИЛЬНАЯ СВЯЗЬ И ИНТЕРНЕТ

Добиваться повышения качества мобильной связи и интернета, а также расширения зоны покрытия интернет-сети в микрорайоне Шабыт.

Поддерживать цифровизацию сельских учреждений и повышение доступности электронных государственных услуг.

  1. ЧИСТЫЕ И БЛАГОУСТРОЕННЫЕ СЁЛА

В рамках инициативы «Таза Қазақстан» добиваться благоустройства улиц Абая и Айтеке би, совершенствования системы сбора и вывоза отходов, озеленения населённых пунктов и создания комфортных общественных пространств.

Ваше мнение — главный ориентир моей работы!

Оправдаю ваше доверие честным трудом!

Каждое моё решение — во благо родного края!

УВАЖАЕМЫЕ ИЗБИРАТЕЛИ!

Я, Абдрахманов Айдар Ракымжанович, родился и вырос в Кегенском районе.

Моя профессиональная специализация — строительство и дизайн интерьеров. Около 16 лет моей трудовой деятельности тесно связаны со сферой искусства и строительства.

В ходе профессиональной деятельности я активно взаимодействовал с государственными органами, а также уделял особое внимание работе с молодёжью.

Для меня всегда было важно способствовать раскрытию потенциала молодых людей, вовлечению их в общественную жизнь, поддержке инициатив и проектов, а также созданию возможностей для профессионального роста.

В своей дальнейшей деятельности намерен руководствоваться конкретными целями, контролировать ход решения поднимаемых вопросов и поддерживать открытый диалог с жителями.

Для меня принципиально важно, чтобы каждая инициатива приносила реальную пользу людям и способствовала развитию наших сёл.

В числе главных приоритетов — повышение уровня жизни населения, развитие сельского предпринимательства и инфраструктуры, создание новых возможностей для молодёжи и благоустройство родного края.

В основе моих обязательств лежат конкретные задачи, объекты и сроки их реализации.

Я намерен добиваться их включения в планы развития и районный бюджет, контролировать исполнение принятых решений и открыто отчитываться перед жителями.

Для меня главный результат депутатской деятельности — доверие людей и реальное повышение качества их жизни.

С уважением, Айдар Абдрахманов

 

Агитационные материалы

кандидатов финансируются из

 республиканского бюджета

Басқа жаңалықтар

Back to top button