Мәслихат-2026

КЕРИМКУЛОВА АЯУЛЫМ ЖАКАШБАЕВНА «ӘДІЛЕТ» партиясынан Іле аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат №8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Ауылдың болашағы — біздің ортақ жауапкершілігіміз!

Әр адамның жүрегіне жақын бір мекені болады. Ол — кіндік қаны тамған туған жері, отбасының берекесі, баласының болашағы, еңбегінің жемісі тоғысқан қасиетті ортасы. Біз үшін осындай қастерлі мекен – Өтеген батыр ауылы.

Ауылдың әр көшесі, әр шаңырағы, әрбір тұрғынының тағдыры біз үшін маңызды. Өйткені ауылдың шынайы байлығы — оның зәулім ғимараттары ғана емес, ақжарқын халқы, еңбекқор азаматтары, үміт күткен жастары мен ұрпақ тәрбиелеп отырған отбасылары.

Бүгінгі қоғамның талабы — құр сөз емес, нақты іс; құрғақ уәде емес, жауапты шешім; әдемі ұран емес, халықтың күнделікті өмірінен көрінетін оң өзгеріс.

Бізге сапалы жол, таза ауызсу, жарық көшелер, қолжетімді қоғамдық көлік, қауіпсіз орта, жаңа жұмыс орындары мен кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай қажет.

Мен үшін депутат болу — мәртебе емес, халық алдындағы үлкен жауапкершілік. Бұл — ел сенімін ақтау, тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдау, ауылдың дамуына кедергі келтірген мәселелердің шешілуіне табандылықпен ықпал ету.

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

Менің ұстанымым — халықтың мұңын тыңдап қана қою емес, оны шешудің жолын іздеу. Әрбір өтінішке назар аударып, әрбір маңызды мәселенің шешілуіне ықпал ету.

«Әділет» партиясының құндылықтарын басшылыққа ала отырып, мен әділдікке, ашықтыққа және халық алдындағы жауапкершілікке негізделген жұмысты маңызды санаймын. Тұрғындардың талап-тілегін тиісті органдарға жеткізу, ауылдың дамуына қажетті бастамаларды көтеру, олардың орындалу барысын бақылауға атсалысу — менің негізгі міндеттерімнің бірі.

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

Мен, Керимкулова Аяулым Жакашбаевна, білім беру саласында еңбек етіп келе жатқан ұстаз әрі мектеп директоры ретінде қоғам алдындағы жауапкершіліктің маңызын терең түсінемін. Ұстаздық жол маған әр адамның пікірін құрметтеуді, ортақ мақсатқа жұмылуды және болашақ үшін жүйелі жұмыс істеуді үйретті.

Өтеген батыр ауылының қарқынды дамуы тұрғындардың қажеттіліктеріне сай жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруды талап етеді. Мектептердегі орын тапшылығы, медициналық қызметтің қолжетімділігі, жол сапасы және әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіру — назар аударуды қажет ететін өзекті мәселелер.

Менің мақсатым — осы мәселелерді шешуге бағытталған бастамаларды қолдап, тұрғындардың ұсыныстарының тиісті органдарда қаралуына ықпал ету. Әсіресе, білім беру сапасын арттыруға, балалардың қауіпсіздігіне, жастардың дамуына және ауылдың әлеуметтік жағдайын жақсартуға басымдық беремін.

Алдағы қызметімде нақты мақсаттар мен мерзімдерге сүйеніп, көтерілген мәселелердің шешілу барысын бақылауға және тұрғындармен ашық байланыс орнатуға мән беремін. Әрбір бастаманың халыққа пайда әкелуі мен үшін маңызды7

Халықтың сенімі — үлкен жауапкершілік. Туған жердің дамуы жолындағы әрбір қадам нақты нәтижеге бағытталуы тиіс!

Құрметпен, Аяулым Керимкулова

  1. ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ ҚОЗҒАЛЫС ҚАУІПСІЗДІГІ

Елдімекендердегі жөндеуді қажет ететін жолдарды анықтап, оларды кезең-кезеңімен жөндеу мәселесін көтеру. Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол белгілері мен жарықтандыруды жақсарту жөніндегі бастамаларды қолдау.

  1. ТҰРАҚТЫ АУЫЗСУ ЖӘНЕ САПАЛЫ

КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ

Іле ауданындағы ауызсу мәселесін шешуге, сондай-ақ тозған су құбырларын жаңартуға басымдық беру. Су құбырларындағы апаттарды азайту, сумен жабдықтаудың тұрақтылығын арттыру және инженерлік желілерді жаңғырту жұмыстарының орындалуын бақылауға ықпал ету.

  1. ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ

 САПАЛЫ БІЛІМ

Аудандағы мектеп орындарының тапшылығын азайтуға, үш ауысымды оқыту мәселесін шешуге бағытталған жобаларды қолдау. Өтеген батыр округінде мектеп салу жобаларының жүзеге асырылуына назар аудару. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, оқушыларға қауіпсіз әрі қолайлы оқу ортасын қалыптастыруға ықпал ету.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА

Ауыл тұрғындарының медициналық қызметке қолжетімділігін арттыру, медициналық мекемелердің материалдық-техникалық жабдықталуын жақсарту және бейінді дәрігерлер тапшылығы мәселесін көтеру. Шалғай елді мекендерде медициналық көмектің уақытылы көрсетілуіне және медицина мамандарын тарту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың тиімді іске асырылуына ықпал ету.

  1. АУЫЛ КӘСІПКЕРЛІГІН ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ

«Ауыл аманаты» бағдарламасы және басқа да мемлекеттік қолдау тетіктері туралы тұрғындардың хабардарлығын арттыруға жәрдемдесу.

«Ауыл аманаты» жобасы: ауыл кәсіпкерлігін қолдау үшін микрокредиттеу мен лизингке республикалық бюджеттен 2,88 млрд теңге бағыттау, микрокредиттердің санын 2031 жылға дейін 230 бірлікке жеткізу.

  1. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ

ФЕРМЕРЛЕРДІҢ МҮДДЕСІ

Шаруа қожалықтарының жайылымдық жерлерге, суару жүйелеріне және ауыл шаруашылығы инфрақұрылымына қатысты мәселелерін көтеру. Су үнемдеу технологияларын енгізуді, ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуды және фермерлерге арналған мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыруды қолдау. Жергілікті өнім өндірушілердің өнімдерін өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ету.

  1. ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ҚАТЫНАСЫН

 ЖЕТІЛДІРУ

Қоғамдық көлік қатынасы жеткіліксіз елді мекендердің қажеттіліктерін зерделеу. Жергілікті ауыл тұрғындарының көлік қатынасына қатысты сұраныстарын тиісті органдарға жеткізу. Қолданыстағы маршруттардың тұрақты жүруіне, қозғалыс кестесінің қолайлылығына және тұрғындардың аудан орталығына қатынау мүмкіндіктерін жақсартуға ықпал ету.

  1. БАЛАЛАРҒА, ЖАСТАРҒА ЖӘНЕ

ОТБАСЫЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ОРТА

Мәдени мұра: өңір мен ел дамуына үлес қосқан тұлғаларға арналған мерейтойлық іс-шараларды ұйымдастыру.

Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, мәдени, спорттық және қоғамдық іс-шараларды өткізуге жағдай жасау үшін Жастар аллеясын құру.

Волонтерлік қозғалысты жыл сайын кеңейту.

  1. ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЕЛДІМЕКЕНДЕРДІ АБАТТАНДЫРУ

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында елді мекендердің тазалығын сақтауға, қалдықтарды уақтылы жинау мен шығаруға және жасыл желектерді көбейтуге бағытталған жұмыстарды қолдау. Тұрғындардың демалуына арналған қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға, санитарлық жағдайды жақсартуға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал ету.

  1. ХАЛЫҚПЕН АШЫҚ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ

Тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштерін жүйелі түрде жинау, өзекті мәселелерді тиісті органдарға жеткізу және олардың қаралу барысын бақылау. Әлеуметтік маңызы бар жобалардың орындалуы, бюджет қаражатының пайдаланылуы және инфрақұрылымдық жұмыстардың нәтижелері туралы ақпараттың ашықтығын қолдау.

Тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізіп, көтерілген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп беруге басымдық беру.

Сіздердің пікірлеріңіз — менің бағдарыма негіз!

Сенімдеріңізді адал еңбекпен ақтаймын!

Әр шешімім — туған жердің игілігі үшін!

Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!

 

Кандидаттардың үгіт-насихат материалдары республикалық бюджеттен

Қаржыландырылды

Керимкулова аяулым Жакашбаевна

Кандидат в депутаты Илийского

районного маслихата от партии «ӘДІЛЕТ»

Одномандатный территориальный

избирательный округ №8

УВАЖАЕМЫЕ ЖИТЕЛИ НАШЕГО СЕЛА!

Будущее села — наша общая ответственность!

У каждого человека есть место, которое особенно дорого его сердцу. Это родная земля, где он родился, где находится семейный очаг, где растут его дети и воплощаются в жизнь плоды его труда. Для нас таким священным и дорогим местом является село Отеген батыр.

Каждая улица села, каждый дом и судьба каждого его жителя имеют для нас огромное значение. Ведь истинное богатство села — это не только высокие здания, но прежде всего доброжелательные люди, трудолюбивые граждане, молодёжь, полная надежд, и семьи, воспитывающие будущее поколение.

Требования современного общества — это не пустые слова, а конкретные дела; не пустые обещания, а ответственные решения; не красивые лозунги, а реальные положительные изменения, которые люди ощущают в своей повседневной жизни.

Нам необходимы качественные дороги, чистая питьевая вода, освещённые улицы, доступный общественный транспорт, безопасная среда, новые рабочие места и благоприятные условия для развития предпринимательства.

Для меня быть депутатом — это не привилегия и не почётный статус, а огромная ответственность перед народом. Это значит оправдывать доверие людей, слышать проблемы и нужды жителей, настойчиво содействовать решению вопросов, которые препятствуют развитию нашего села.

МОЯ ПОЗИЦИЯ

Моя позиция заключается не только в том, чтобы выслушивать проблемы жителей, но и в том, чтобы искать пути их решения. Важно уделять внимание каждому обращению и содействовать решению каждого значимого вопроса.

Руководствуясь ценностями партии «Әділет», я считаю основой своей работы справедливость, открытость и ответственность перед народом. Доведение запросов и пожеланий жителей до соответствующих государственных органов, выдвижение инициатив, необходимых для развития села, а также содействие контролю за ходом их реализации — одни из моих главных задач.

УВАЖАЕМЫЕ ИЗБИРАТЕЛИ!

Я, Керимкулова Аяулым Жакашбаевна, как педагог и директор школы, посвятившая свою профессиональную деятельность сфере образования, глубоко осознаю важность ответственности перед обществом. Педагогический путь научил меня уважать мнение каждого человека, объединять людей ради общих целей и последовательно работать во имя будущего.

Динамичное развитие села Отеген батыр требует создания новых возможностей, отвечающих потребностям его жителей. Такие актуальные вопросы, как нехватка мест в школах, доступность медицинских услуг, качество дорог и совершенствование социальной инфраструктуры, нуждаются в особом внимании и последовательном решении.

Моя цель — поддерживать инициативы, направленные на решение этих вопросов, и содействовать тому, чтобы предложения жителей своевременно рассматривались соответствующими органами. Особое внимание я намерена уделять повышению качества образования, безопасности детей, развитию молодёжи и улучшению социального благополучия села.

В своей дальнейшей деятельности я буду руководствоваться конкретными целями и сроками, уделять внимание контролю за ходом решения поднятых вопросов и поддержанию открытого диалога с жителями. Для меня важно, чтобы каждая инициатива приносила реальную пользу людям.

Доверие народа — это большая ответственность. Каждый шаг на пути развития родного края должен быть направлен на достижение конкретных результатов!

С уважением, Керимкулова Аяулым Жакашбаевна

КОНКРЕТНЫЕ ОБЯЗАТЕЛЬСТВА

НА 2026–2031 ГОДЫ

  1. РЕМОНТ ДОРОГ И БЕЗОПАСНОСТЬ

ДОРОЖНОГО ДВИЖЕНИЯ

Выявление участков дорог в населённых пунктах, нуждающихся в ремонте, и инициирование поэтапного решения вопросов их восстановления. Поддержка инициатив, направленных на обеспечение безопасности пешеходов, установку и обновление дорожных знаков, а также улучшение уличного освещения.

  1. СТАБИЛЬНОЕ ВОДОСНАБЖЕНИЕ И

КАЧЕСТВЕННОЕ ПРЕДОСТАВЛЕНИЕ

 КОММУНАЛЬНЫХ УСЛУГ

Приоритетное внимание уделять решению проблемы водоснабжения в селе Илийское, а также обновлению изношенных водопроводных сетей. Содействовать сокращению аварий на водопроводах, повышению стабильности водоснабжения и контролю за реализацией работ по модернизации инженерных коммуникаций.

  1. СОВРЕМЕННЫЕ ШКОЛЫ И КАЧЕСТВЕННОЕ ОБРАЗОВАНИЕ

Поддержка проектов, направленных на сокращение дефицита ученических мест в школах района и решение проблемы трёхсменного обучения. Уделение особого внимания реализации проектов по строительству новых школ в селе Отеген батыр и других населённых пунктах района. Содействие укреплению материально-технической базы образовательных учреждений, созданию безопасных и комфортных условий для обучения и всестороннего развития учащихся.

  1. ДОСТУПНАЯ И КАЧЕСТВЕННАЯ МЕДИЦИНСКАЯ ПОМОЩЬ

Содействовать повышению доступности медицинской помощи для сельских жителей, улучшению материально-технического оснащения медицинских учреждений и решению проблемы нехватки врачей узких специальностей. Уделять внимание своевременному оказанию медицинской помощи в отдалённых населённых пунктах, а также содействовать эффективной реализации государственных программ по привлечению медицинских специалистов.

  1. ПОДДЕРЖКА СЕЛЬСКОГО ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВА И СОЗДАНИЕ НОВЫХ РАБОЧИХ МЕСТ

Содействовать повышению информированности жителей о программе «Ауыл аманаты» и других государственных механизмах поддержки предпринимательства. Оказывать информационную поддержку гражданам, желающим открыть собственное дело, поддерживать предпринимательские инициативы молодёжи и развитие местного производства. Уделять особое внимание трудоустройству местных жителей в рамках реализации инвестиционных проектов.

  1. СЕЛЬСКОЕ ХОЗЯЙСТВО И ЗАЩИТА

 ИНТЕРЕСОВ ФЕРМЕРОВ

Содействовать решению вопросов, связанных с обеспечением фермерских хозяйств пастбищными угодьями, системами орошения и развитием сельскохозяйственной инфраструктуры. Поддерживать внедрение водосберегающих технологий, обновление сельскохозяйственной техники и повышение доступности государственных мер поддержки для фермеров. Содействовать расширению возможностей сбыта продукции местных сельхозпроизводителей.

  1. СОВЕРШЕНСТВОВАНИЕ СИСТЕМЫ

 ОБЩЕСТВЕННОГО ТРАНСПОРТА

Изучать потребности населённых пунктов, испытывающих недостаток общественного транспортного сообщения. Доводить до сведения соответствующих органов запросы и предложения сельских жителей по вопросам транспортной доступности. Содействовать обеспечению регулярной работы действующих маршрутов, оптимизации расписания движения и улучшению транспортного сообщения, в том числе для обеспечения удобного доступа жителей к районному центру.

  1. КОМФОРТНАЯ СРЕДА ДЛЯ ДЕТЕЙ,

МОЛОДЁЖИ И СЕМЕЙ

Поддерживать инициативы по созданию безопасных детских игровых площадок, развитию спортивных объектов и общественных зон отдыха. Уделять внимание организации содержательного досуга молодёжи, повышению доступности творческих и спортивных кружков и секций. Поднимать вопросы формирования комфортной и доступной среды для пожилых людей, семей с детьми и граждан с инвалидностью.

  1. ЭКОЛОГИЯ И БЛАГОУСТРОЙСТВО

 НАСЕЛЁННЫХ ПУНКТОВ

В рамках инициативы «Таза Қазақстан» поддерживать мероприятия, направленные на поддержание чистоты населённых пунктов, своевременный сбор и вывоз бытовых отходов, а также увеличение зелёных насаждений. Содействовать благоустройству общественных пространств и мест отдыха жителей, улучшению санитарного состояния населённых пунктов и формированию экологической культуры среди населения.

  1. ОТКРЫТЫЙ ДИАЛОГ С НАСЕЛЕНИЕМ И ОБЩЕСТВЕННЫЙ КОНТРОЛЬ

Систематически собирать предложения и обращения жителей, доводить актуальные вопросы до сведения соответствующих органов и контролировать ход их рассмотрения. Поддерживать открытость информации о реализации социально значимых проектов, использовании бюджетных средств и результатах инфраструктурных работ. Уделять особое внимание проведению регулярных встреч с населением и предоставлению отчётов о проделанной работе по поднятым вопросам.

Ваше мнение — основа моей деятельности!

Ваше доверие будет оправдано добросовестным трудом!

Каждое моё решение — во благо родного края!

Приходите на выборы! Голосуйте за меня!

 

Агитационные материалы

кандидатов финансируются из

 республиканского бюджета

Басқа жаңалықтар

Back to top button