ӘЛІМБАЕВ ЖӘНІБЕК ҚАБЫЛТАЙҰЛЫ Алматы облысы Іле ауданының №13 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандид

ҚҰРМЕТТІ ТҰРҒЫНДАР!
Мен сіздерге ауылдарымыздың игілігі үшін еңбек ету, тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелерді шешуге атсалысу және туған өлкеміздің дамуына үлес қосу мақсатында үндеу жолдаймын.
Әрбір елді мекеннің дамуы тұрғындардың күнделікті тұрмысындағы мәселелерді шешуден басталады деп есептеймін. Ең бастысы – халықтың өтініш-тілектерін тыңдап қана қоймай, нақты нәтижеге қол жеткізу. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясынан Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының депутаттығына №13 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша кандидат
2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Қараой ауылының бүгінгі тыныс-тіршілігі, тұрғындардың күнделікті мәселелері мен елді мекеннің болашағы мен үшін әрдайым маңызды. Ауылымыздың дамуы, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы және әрбір отбасы үшін қолайлы жағдай қалыптастыру – ортақ мақсатымыз.
Өткен шақырылымда Іле аудандық мәслихатының депутаты ретінде Қараой ауылының әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелердің шешілуіне және ауыл инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған жұмыстарға белсенді атсалыстым. Осы кезеңде бірқатар маңызды бастамалар қолға алынып, көптеген жұмыстар атқарылды. Тұрғындардың ұсыныс-тілектері назарға алынып, ауылдың дамуына қатысты мәселелер тиісті деңгейде көтерілді.
Дегенмен, атқарылған жұмыстармен шектелуге болмайды. Әлі де шешімін күткен мәселелер, жалғасын табуы тиіс жобалар мен аяқталмаған жұмыстар бар. Сол бастамаларды соңына дейін жеткізу, қолға алынған жұмыстардың нәтижелі аяқталуына ықпал ету және ауылымыздың одан әрі дамуына үлес қосу – менің алдағы кезеңдегі басты міндеттерімнің бірі.
Депутаттық қызметте жинақтаған тәжірибем тұрғындардың мәселесін шешу үшін жүйелі жұмыс, табандылық және жауапты мекемелермен тұрақты байланыс қажет екенін көрсетті. Ең бастысы – халықтың сенімін нақты іспен ақтау.
Бүгінде Қараой ауылының жолдарын жақсарту, көшелерді жарықтандыру, қоғамдық аумақтарды абаттандыру, медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру, әлеуметтік қолдауды күшейту және жастарға жағдай жасау сияқты бағыттар тұрақты назар аударуды қажет етеді.
Менің басты мақсатым – тұрғындардың талап-тілегін тыңдап қана қоймай, олардың өзекті мәселелерін аудандық деңгейде көтеру, тиісті мемлекеттік бағдарламалар мен даму жоспарларына енгізуге ықпал ету және нақты нәтижеге қол жеткізу жолында жұмыс істеу.
Мәслихат депутатының мүмкіндігі мен өкілеттігін тиімді пайдалана отырып, Қараой ауылының әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға және ауылдың келешегіне қатысты маңызды бастамалардың жүзеге асуына атсалысуға дайынмын.
МЕНІҢ НЕГІЗГІ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫМ
- ЖОЛ ЖӘНЕ КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН
ЖАҚСАРТУ
Ауылдың дамуы ең алдымен сапалы жол мен қолайлы қатынас жүйесінен басталады. Қараой ауылындағы жол инфрақұрылымын жақсарту – күнделікті тұрмыс сапасына тікелей әсер ететін маңызды мәселе.
Осы бағытта ауылішілік көшелерді жөндеу, жол жамылғысын жаңарту және жолдарды күтіп ұстау мәселелерінің кезең-кезеңімен шешілуіне ықпал етемін. Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қажетті жол белгілерін орнату, мектептер мен қоғамдық нысандарға апаратын жолдардың жағдайын жақсарту мәселелерін назарда ұстаймын.
Сондай-ақ қоғамдық көлік қатынасының қолайлылығын арттыру, аялдамаларды ретке келтіру және тұрғындардың қауіпсіз қозғалысына жағдай жасау бағытындағы ұсыныстарды тиісті мекемелер алдында көтеруге күш саламын.
- КӨШЕ ЖАРЫҒЫ ЖӘНЕ
ТҰРҒЫНДАР ҚАУІПСІЗДІГІ
Жарықтандырылған көше – тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлы өмірінің маңызды кепілі.
Қараой ауылындағы жарықтандыруды қажет ететін көшелерді анықтап, бұл мәселелердің тиісті жоспарларға енгізілуіне ықпал етемін.
Әсіресе мектептерге, медициналық және қоғамдық нысандарға баратын жолдарды, жаяу жүргіншілер жиі пайдаланатын аумақтарды жарықтандыруға басымдық беру қажет деп есептеймін.
Көше жарығын дамыту арқылы кешкі уақытта тұрғындардың, әсіресе балалар мен қарт адамдардың қауіпсіздігін арттыруға атсалысамын.
- АУЫЛДЫ АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Таза әрі көрікті ауыл – тұрғындардың ортақ мақтанышы. Сондықтан Қараой ауылының санитарлық тазалығын сақтау, қоғамдық орындарды күтіп ұстау және абаттандыру жұмыстарын жүйелі жүргізу маңызды.
Осы бағытта көшелердің тазалығын қамтамасыз ету, тұрмыстық қалдықтарды уақытылы шығару, жасыл желектерді көбейту және қоғамдық демалыс орындарын көркейту мәселелеріне көңіл бөлемін.
Балалар ойын алаңдарын, спорттық және демалыс аймақтарын салу мен жаңғыртуға, тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасауға ықпал етемін.
Сонымен қатар су ағарлар мен арық жүйелерін күтіп ұстау, жауын-шашын және еріген қар суының жиналуына жол бермеу мәселелерін де назардан тыс қалдырмаймын.
- ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
Ауыл тұрғындарының денсаулығы – қоғамның басты құндылығы. Әрбір азамат тұрғылықты жеріне қарамастан сапалы медициналық көмек алуға мүмкіндік иеленуі тиіс.
Қараой ауылында медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру, медициналық мекемелердің материалдық-техникалық жағдайын жақсарту және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мәселелерін көтеруге атсалысамын.
Әсіресе қарт адамдардың, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың, жүкті әйелдер мен балалы отбасылардың медициналық қызметке қол жеткізуіне ерекше көңіл бөлу қажет.
Ауыл тұрғындары үшін профилактикалық тексерулердің, алғашқы медициналық көмектің және дәрігерлік кеңестердің қолжетімді болуына ықпал етуді маңызды міндеттердің бірі деп санаймын.
- ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҢ
ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ
Ауылдың дамуы әрбір отбасының әл-ауқатымен тығыз байланысты. Сондықтан әлеуметтік қолдауға мұқтаж тұрғындардың мәселелері әрдайым назарда болуы тиіс.
Зейнеткерлердің, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, олардың мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізуіне жәрдемдесуге күш саламын.
Әлеуметтік көмек көрсету тетіктерінің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру, тұрғындардың өтініштерін тиісті мекемелерге жеткізу және олардың қаралуын бақылау – жұмысымның маңызды бағыттарының бірі болады.
- ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ, БІЛІМ ЖӘНЕ
СПОРТТЫ ДАМЫТУ
Қараой ауылының келешегі – білімді, белсенді және еңбекқор жастардың қолында.
Жастардың сапалы білім алуына, спортпен шұғылдануына, шығармашылық қабілеттерін дамытуына және бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасауға бағытталған бастамаларды қолдаймын.
Мектептер мен білім беру нысандарының қажеттіліктерін назарда ұстап, олардың инфрақұрылымын жақсартуға қатысты ұсыныстарды тиісті органдарға жеткізуге атсалысамын.
Ауыл жастарының спорттық және мәдени іс-шараларға қатысуына, салауатты өмір салтын ұстануына, кәсіптік бағдар алуына және жұмыспен қамтылуына ықпал ететін жобаларды қолдауға дайынмын.
- АШЫҚ ДИАЛОГ ЖӘНЕ ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Депутаттың басты міндеті – халықтың үнін есту және оның мүддесін қорғау.
Қараой ауылының тұрғындарымен тұрақты кездесулер өткізіп, олардың ұсыныстары мен өтініштерін тыңдауды, өзекті мәселелерді аудандық мәслихат деңгейінде көтеруді жұмысымның негізгі қағидаттарының бірі ретінде ұстанамын.
Тұрғындар көтерген мәселелердің қаралу барысын бақылауға, жауапты мекемелермен бірлесіп шешу жолдарын қарастыруға және атқарылған жұмыстар туралы халықты хабардар етуге күш саламын.
Ашықтық, әділдік, жауапкершілік және тұрғындармен тұрақты байланыс – менің депутаттық қызметтегі басты ұстанымдарым.
Құрметті жерлестер!
Қараой ауылының дамуы – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, баршамыздың ортақ ісіміз. Ауылдың болашағы тұрғындардың белсенділігіне, өзара түсіністікке және бірлескен жүйелі жұмысқа байланысты.
Өткен шақырылымда жинақтаған тәжірибем мен атқарылған жұмыстар алдағы міндеттерді жүйелі жалғастыруға негіз болады. Мен үшін депутат болу – мәртебе емес, ел алдындағы үлкен жауапкершілік. Сондықтан тұрғындардың сенімін нақты іспен ақтап, басталған жұмыстарды аяқтауға және Қараой ауылының одан әрі өркендеуіне өз үлесімді қосуға дайынмын.
ТУҒАН ЖЕРДІҢ БОЛАШАҒЫ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІМІЗ! ҚАРАОЙДЫҢ ДАМУЫ ҮШІН БІРГЕ ЕҢБЕК ЕТЕЙІК!
Әлімбаев Жәнібек Қабылтайұлы
Кандидаттардың үгіт-насихат материалдары республикалық бюджеттен
Қаржыландырылды
АЛИМБАЕВ ЖАНЫБЕК КАБЫЛТАЕВИЧ Кандидат в депутаты маслихата по одномандатному территориальному избирательному округу №13 Илийского района Алматинской области
УВАЖАЕМЫЕ ЖИТЕЛИ!
Я обращаюсь к вам с искренним желанием работать на благо наших сёл, решать актуальные вопросы жителей и содействовать развитию родного края.
Считаю, что развитие каждого населённого пункта начинается с решения повседневных проблем людей. Важно не только слышать обращенияжителей, но и добиваться конкретных результатов.
Кандидат в депутаты Илийского районного маслихата Алматинской области по одномандатному территориальному избирательному округу №13 от Демократической партии Казахстана «Ак жол»
ПРЕДВЫБОРНАЯ ПРОГРАММА НА 2026–2031 ГОДЫ
УВАЖАЕМЫЕ ЗЕМЛЯКИ!
Повседневная жизнь села Караой, проблемы его жителей и будущее населённого пункта всегда имеют для меня особое значение. Развитие нашего села, повышение качества жизни населения и создание благоприятных условий для каждой семьи – наша общая цель.
В прошлом созыве, являясь депутатом Илийского районного маслихата, я принимал активное участие в работе, направленной на социально-экономическое развитие села Караой, решение актуальных вопросов жителей и улучшение сельской инфраструктуры. За этот период был реализован ряд важных инициатив и проделана значительная работа. Предложения и пожелания жителей принимались во внимание, а вопросы развития села поднимались на соответствующем уровне.
Однако останавливаться на достигнутом нельзя. Остаются вопросы, требующие решения, проекты, нуждающиеся в продолжении, и незавершённые работы. Довести начатые инициативы до конца, содействовать успешному завершению проводимых работ и внести вклад в дальнейшее развитие нашего села – одна из моих главных задач на предстоящий период.
Опыт, накопленный за время депутатской деятельности, показал, что для решения проблем жителей необходимы системная работа, настойчивость и постоянное взаимодействие с ответственными учреждениями. Самое главное – оправдывать доверие народа конкретными делами.
Сегодня такие направления, как улучшение дорог села Караой, уличное освещение, благоустройство общественных территорий, повышение доступности медицинских услуг, усиление социальной поддержки и создание условий для молодёжи, требуют постоянного внимания.
Моя главная цель – не только выслушивать пожелания и предложения жителей, но и поднимать актуальные проблемы на районном уровне, содействовать их включению в соответствующие государственные программы и планы развития, добиваться конкретных результатов.
Эффективно используя возможности и полномочия депутата маслихата, я готов содействовать социально-экономическому развитию села Караой, повышению качества жизни населения и реализации важных инициатив, направленных на будущее нашего села.
МОИ ОСНОВНЫЕ ПРИОРИТЕТЫ
- УЛУЧШЕНИЕ ДОРОЖНОЙ И ТРАНСПОРТНОЙ
ИНФРАСТРУКТУРЫ
Развитие села начинается прежде всего с качественных дорог и удобного транспортного сообщения. Улучшение дорожной инфраструктуры села Караой – важный вопрос, непосредственно влияющий на качество повседневной жизни.
В этом направлении намерен содействовать поэтапному решению вопросов ремонта внутрисельских улиц, обновления дорожного покрытия и надлежащего содержания дорог. Особое внимание буду уделять обеспечению безопасности пешеходов, установке необходимых дорожных знаков, улучшению состояния дорог, ведущих к школам и общественным объектам.
Также буду поднимать перед соответствующими учреждениями вопросы повышения удобства общественного транспорта, благоустройства остановок и создания условий для безопасного передвижения жителей.
- УЛИЧНОЕ ОСВЕЩЕНИЕ И БЕЗОПАСНОСТЬ ЖИТЕЛЕЙ
Освещённые улицы – важная составляющая безопасности и комфортной жизни населения.
Намерен содействовать определению улиц села Караой, нуждающихся в освещении, а также включению соответствующих мероприятий в планы развития.
Считаю необходимым уделять первоочередное внимание освещению дорог, ведущих к школам, медицинским и общественным объектам, а также территорий с интенсивным пешеходным движением.
Развитие уличного освещения должно способствовать повышению безопасности жителей в вечернее время, особенно детей и пожилых людей.
- БЛАГОУСТРОЙСТВО СЕЛА И СОЗДАНИЕ
КОМФОРТНОЙ СРЕДЫ
Чистое и благоустроенное село – общая гордость его жителей. Поэтому важно системно заниматься санитарным состоянием, содержанием общественных пространств и благоустройством села Караой.
В этом направлении буду уделять внимание вопросам поддержания чистоты улиц, своевременного вывоза бытовых отходов, увеличения зелёных насаждений и благоустройства общественных зон отдыха.
Намерен содействовать строительству и обновлению детских игровых площадок, спортивных и рекреационных зон, созданию условий для полезного проведения свободного времени.
Не останутся без внимания вопросы содержания водоотводных каналов и арычной системы, предупреждения скопления дождевых и талых вод.
- ДОСТУПНАЯ И КАЧЕСТВЕННАЯ МЕДИЦИНСКАЯ ПОМОЩЬ
Здоровье сельских жителей – одна из главных ценностей общества. Каждый гражданин независимо от места проживания должен иметь возможность получать качественную медицинскую помощь.
Буду содействовать решению вопросов повышения доступности медицинских услуг в селе Караой, улучшения материально-технического состояния медицинских учреждений и обеспечения их необходимым оборудованием.
Особое внимание необходимо уделять доступности медицинской помощи для пожилых людей, граждан с инвалидностью, беременных женщин и семей с детьми.
Одной из важных задач считаю содействие обеспечению доступности профилактических осмотров, первичной медицинской помощи и консультаций врачей для сельских жителей.
- СОЦИАЛЬНАЯ ПОДДЕРЖКА И ПОВЫШЕНИЕ БЛАГОСОСТОЯНИЯ НАСЕЛЕНИЯ
Развитие села тесно связано с благополучием каждой семьи. Поэтому вопросы жителей, нуждающихся в социальной поддержке, должны постоянно находиться в центре внимания.
Намерен содействовать защите прав и законных интересов пенсионеров, граждан с инвалидностью, многодетных и малообеспеченных семей, оказывать помощь в обеспечении доступа к предусмотренным государством мерам поддержки.
Повышение прозрачности и доступности механизмов социальной помощи, направление обращений жителей в соответствующие учреждения и контроль за их рассмотрением станут одними из важных направлений моей работы.
- ПОДДЕРЖКА МОЛОДЁЖИ, РАЗВИТИЕ ОБРАЗОВАНИЯ И СПОРТА
Будущее села Караой – в руках образованной, активной и трудолюбивой молодёжи.
Буду поддерживать инициативы, направленные на создание условий для получения качественного образования, занятий спортом, развития творческих способностей и полезного проведения свободного времени.
Намерен уделять внимание потребностям школ и образовательных учреждений, содействовать доведению предложений по улучшению их инфраструктуры до соответствующих органов.
Готов поддерживать проекты, способствующие участию сельской молодёжи в спортивных и культурных мероприятиях, формированию здорового образа жизни, профессиональной ориентации и трудоустройству.
- ОТКРЫТЫЙ ДИАЛОГ И ОТВЕТСТВЕННОСТЬ ПЕРЕД НАСЕЛЕНИЕМ
Главная обязанность депутата – слышать голос народа и защищать его интересы.
Одним из основных принципов своей работы считаю проведение регулярных встреч с жителями села Караой, рассмотрение их предложений и обращений, поднятие актуальных вопросов на уровне районного маслихата.
Буду стремиться контролировать ход рассмотрения вопросов, поднятых населением, совместно с ответственными учреждениями искать пути их решения и информировать жителей о проделанной работе.
Открытость, справедливость, ответственность и постоянная связь с населением – мои главные принципы депутатской деятельности.
Уважаемые земляки!
Развитие села Караой – общая задача не только государственных органов, но и каждого из нас. Будущее нашего села зависит от активности жителей, взаимопонимания и совместной системной работы.
Опыт, накопленный в прошлом созыве, и проделанная работа станут основой для системного продолжения поставленных задач. Для меня депутатство – не статус, а большая ответственность перед людьми. Поэтому я готов оправдывать доверие жителей конкретными делами, содействовать завершению начатых работ и вносить свой вклад в дальнейшее процветание села Караой.
БУДУЩЕЕ РОДНОГО КРАЯ – НАША ОБЩАЯ ОТВЕТСТВЕННОСТЬ!БУДЕМ ВМЕСТЕ ТРУДИТЬСЯ РАДИ РАЗВИТИЯ КАРАОЯ
Алимбаев Жаныбек Кабылтаевич
Агитационные материалы
кандидатов финансируются из
республиканского бюджета



