РУСЛАН УГУРУЕВИЧ ИБРАГИМОВ «ӘДІЛЕТ» партиясынан Іле аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат №10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі

ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Туған жеріміздің тірегі — осында тұрып, еңбек етіп, ауданымыздың дамуына үлес қосып жүрген азаматтар. Əр ауылдың берекесі мен болашағы тұрғындардың еңбегіне, бірлігіне жəне ортақ іске деген жанашырлығына байланысты. Мен үшін ауданның дамуы — ең алдымен, адамдардың күнделікті тұрмысының жақсаруы. Жөнделген жолдар, қолжетімді əлеуметтік қызметтер, тұрақты табыс пен жастардың өз қабілетін жүзеге асыруына мүмкіндік əрбір ауыл тұрғыны үшін қолжетімді болуы керек. Бұл мəселелер нақты жұмыстың өзегіне айналуға тиіс. Барлық мəселенің бірден шешілмейтінін түсінемін. Депутат болып сайлансам, тұрғындардың мүддесін қорғап, көтерілген мəселелердің шешілуіне күш саламын. Ұсыныстарыңызды тыңдап, міндеттерімді жауапкершілікпен атқарамын. Бірлескен еңбек пен өзара қолдау арқылы ауданымызды тұрмысқа жайлы, еңбекке қолайлы, балаларымыздың болашағына сеніммен қарайтын мекенге айналдырайық!
МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ
Əділдік пен ашықтықты басшылыққа алып, əр ауылдың қажеттілігін ескеремін. Адал еңбекті құрметтеп, алған міндеттерімді жауапкершілікпен атқарамын. Сіздердің ұсыныстарыңыз бен сын-пікірлеріңізге əрдайым құлақ асамын. Əр мəселенің мəнін түсініп, шешілуіне күш салуға дайынмын.
2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
- ЖОЛДАР МЕН КӨЛІК Байсерке ауылдық округінің Арқабай көшесіндегі тротуар мен дренаж жүйесін ағымдағы жөндеу. Сəтбаев жəне Мира көшелерінде, «Family» дүкенінің маңында, сондай-ақ Байсерке ауылының соңында жəне Көктерек ауылындағы фельдшерлікакушерлік пункттің маңында автобус аялдамаларын орнату жəне абаттандыру.
- СУМЕН ЖƏНЕ ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ, КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Көктерек ауылының Жаңа құрылыс ауданындағы ұзындығы 6000 метр су құбыры желілерін асфальт жабынын қалпына келтіре отырып, ағымдағы жөндеу. Байсерке ауылдық округіндегі көшелерді жарықтандыру желілеріне техникалық қызмет көрсету.
Ауылдарымыз мықты болса, еліміз де берекелі болмақ!
- ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖƏНЕ АУЫЛ
КƏСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУ
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие беру аясын кеңейтуге, жеке қосалқы шаруашылықтарды, отбасылық кəсіпкерлікті жəне ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға жəрдемдесу. Аудан тұрғындары үшін мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыруға қол жеткізу.
- АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ
Ауыл тұрғындарының мүддесін басшылыққа ала отырып, жайылыммен қамту мəселелерін шешуге, ветеринариялық нысандарды жетілдіруге жəне аграрлық қызметтердің қолжетімділігін кеңейтуге күш салу. Жергілікті шаруалар мен жеке қосалқы шаруашылық иелері өз өнімдерін өткізе алатын, сауда жасауға қажетті жағдайлармен жабдықталған арнайы алаң ашуға ұмтылу.
- ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖƏНЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫ
Ауыл тұрғындарының тұрақты табыс табуына жағдай жасау үшін шағын бизнесті қолдауға, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кəсіпорындарды дамытуға жəне инвестиция тартуға күш салу. Мемлекеттік қолдау шаралары аясында жұмыс іздеген азаматтардың кəсіптік білім алып, еңбекке орналасуына, ал жас кəсіпкерлердің өз ісін бастауына жəне дамытуына жəрдемдесу.
- ҚОЛЖЕТІМДІ ƏРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА
Байсерке жəне Көктерек тұрғындарының медициналық көмекті уақтылы алуына, бейінді дəрігерлердің кеңесіне қол жеткізуіне жəне ауылдағы медициналық қызмет сапасының жақсаруына ықпал ету. Медициналық мекемелерді қажетті жабдықтармен қамтуға жəне мемлекеттік қолдау шаралары арқылы білікті мамандарды тартуға күш салу.
- ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖƏНЕ
БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ
Байсерке жəне Көктерек ауылдарындағы мектептердің материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға, оқушылардың мектепке қауіпсіз қатынауына жағдай жасауға атсалысу. 2027 жылы мектептерге апаратын жолдар мен жаяу жүргіншілер өткелдерін ретке келтіруге, балалар жəне спорт алаңдарын дамытуға басымдық беру.
- ƏЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖƏНЕ
ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ
Екі ауылдағы қарт адамдардың, балалы отбасылардың жəне мүгедектігі бар азаматтардың тиісті əлеуметтік көмек пен мемлекеттік қызметтерді алуына жəрдемдесу. Қолдауға мұқтаж тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсартуға жəне қоғамдық мекемелерде кедергісіз орта қалыптастыруға бағытталған бастамаларды қолдау.
- САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ПЕН ИНТЕРНЕТ
Байсерке мен Көктеректе ұялы байланыс пен интернеттің тұрақты жұмыс істеуіне, ауылдардың барлық бөлігін сапалы желімен қамтуға ықпал ету. Тұрғындардың электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдалану мүмкіндігін кеңейтіп, ауыл мекемелеріне цифрлық қызметтерді енгізуге қолдау көрсету.
- ТАЗА ƏРІ АБАТТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЛДАР
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында Байсерке жəне Көктерек ауылдарын абаттандыруға, жасыл желекті көбейтуге жəне тұрғындарға арналған демалыс орындарын дамытуға атсалысу. Қоқысты жинау мен уақтылы шығару жүйесін жетілдіруге, ортақ пайдаланылатын аумақтардың тазалығын сақтауға күш салу.
Халықтың үні — қызметімнің бағдары!
Сенімді нақты іспен ақтау — басты міндетім!
Бар күш-жігерім — туған жердің өркендеуіне!
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Мен, Ибрагимов Руслан Угуруевич, «Əділет» партиясының атынан Байсерке округі бойынша депутаттыққа өз кандидатурамды ұсынып отырмын. Астана қаласында өстім, №31 мектеп-гимназияны бітірдім. Кейін Америка Құрама Штаттарында Business Administration — бизнесті басқару бағыты бойынша білім алдым. Қазақстанға оралғаннан кейін «Евро Бетон» компаниясын құрдым. Алғашқы филиалымызды Түркістан қаласында ашып, кейін темірбетон бұйымдарын шығаратын зауытты іске қостық. Төрт жылдан соң Байсеркеде жаңа филиалдың құрылысын бастадық. Одан əрі өз логистикалық компаниямызды құрып, Алматыда да темірбетон бұйымдарын өндіретін зауыт аштық. Бүгінде біздің командамызда шамамен 200 адам еңбек етеді. Кəсіпкерлік маған істі жоспарлауды, қаржыны ұқыпты жұмсауды, адамдармен тіл табысуды жəне қабылдаған шешіміме жауап беруді үйретті. Кез келген кəсіпорынның жетістігі сол жерде еңбек ететін адамдарға байланысты. Сондықтан мен үшін жұмыс орнының артында нақты адамның, оның отбасының тұрмысы мен болашағы тұрғанын түсіну маңызды. Байсерке менің кəсіби жолымда ерекше орын алады. Осы жерде өндірісті дамытуға кірісіп, ауданмен ұзақ мерзімді байланыс орнаттым. Енді жинаған тəжірибемді тұрғындардың ортақ мəселелерін шешуге жұмсағым келеді.
МЕНІҢ МАҚСАТЫМ
Байсерке округінде өмір сүруге, еңбек етуге, кəсіп ашуға жəне бала тəрбиелеуге қолайлы жағдай қалыптастыруға үлес қосу. Өндіріс пен кəсіпкерліктің дамуы тұрғындардың өмір сапасының жақсаруымен қатар жүруге тиіс деп санаймын. Бұл үшін жол, су, электр қуаты, қоғамдық көлік, білім беру жəне əлеуметтік қызметтер мəселелеріне жүйелі назар қажет. Депутат болып сайланған жағдайда тұрғындардың ұсыныстарын жинақтап, басым міндеттерді айқындап, оларды шешу жолдарын тиісті мекемелермен бірлесіп қарастырамын. Əр бастаманың орындалу мүмкіндігіне, қажетті қаржысына жəне мерзіміне мəн беремін.
Құрметпен, Руслан Ибрагимов
Кандидаттардың үгіт-насихат материалдары республикалық бюджеттен
Қаржыландырылды
РУСЛАН УГУРУЕВИЧ ИБРАГИМОВ Кандидат
в депутаты Илийского районного
маслихата от партии «ӘДІЛЕТ»
Одномандатный территориальный
избирательный округ №10
УВАЖАЕМЫЕ ЗЕМЛЯКИ!
Главная опора нашего родного края — люди, которые живут и трудятся здесь, внося свой вклад в развитие района. Благополучие и будущее каждого села зависят от труда его жителей, их единства и неравнодушного отношения к общему делу.
Для меня развитие района — это прежде всего улучшение повседневной жизни людей. Отремонтированные дороги, доступные социальные услуги, стабильный доход и возможности для самореализации молодёжи должны быть доступны жителям каждого села. Именно эти вопросы должны стать основой конкретной работы.
Я понимаю, что решить все проблемы сразу невозможно. В случае избрания депутатом буду отстаивать интересы жителей и добиваться решения волнующих их вопросов. Готов внимательно выслушивать ваши предложения и ответственно выполнять взятые на себя обязательства.
Объединив усилия и поддерживая друг друга, мы сможем сделать наш район местом, где комфортно жить, удобно работать и можно с уверенностью смотреть в будущее наших детей!
МОИ ПРИНЦИПЫ
В своей работе буду руководствоваться принципами справедливости и открытости, учитывать потребности каждого села. Уважать честный труд и ответственно выполнять взятые на себя обязательства.
Я всегда готов прислушиваться к вашим предложениям и критическим замечаниям, вникать в суть каждой проблемы и прилагать усилия для её решения.
КОНКРЕТНЫЕ ОБЯЗАТЕЛЬСТВА
НА 2026–2031 ГОДЫ
- ДОРОГИ И ТРАНСПОРТ
Проведение текущего ремонта тротуара и дренажной системы на улице Аркабай Байсеркенского сельского округа.
Установка и благоустройство автобусных остановок на улицах Сатпаева и Мира, возле магазина «Family», на окраине села Байсерке, а также рядом с фельдшерско-акушерским пунктом в селе Коктерек.
- ВОДОСНАБЖЕНИЕ, ЭЛЕКТРОСНАБЖЕНИЕ И КОММУНАЛЬНАЯ ИНФРАСТРУКТУРА
Проведение текущего ремонта водопроводных сетей протяжённостью 6000 метров в районе Жана Курылыс села Коктерек с последующим восстановлением асфальтового покрытия.
Обеспечение технического обслуживания сетей уличного освещения в Байсеркенском сельском округе.
Сильные сёла — основа благополучия нашей страны!
- ДОСТУПНОЕ КРЕДИТОВАНИЕ И РАЗВИТИЕ СЕЛЬСКОГО ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВА
Содействовать расширению возможностей льготного кредитования сельских жителей в рамках программы «Ауыл аманаты», развитию личных подсобных хозяйств, семейного предпринимательства и сельскохозяйственных кооперативов.
Добиваться повышения доступности государственных мер поддержки для жителей района.
- ПОДДЕРЖКА СЕЛЬСКОГО ХОЗЯЙСТВА
Отстаивая интересы сельских жителей, содействовать решению вопросов обеспечения пастбищами, совершенствованию ветеринарной инфраструктуры и повышению доступности услуг в аграрной сфере.
Добиваться открытия специально оборудованной торговой площадки, где местные фермеры и владельцы личных подсобных хозяйств смогут реализовывать свою продукцию в комфортных условиях.
- НОВЫЕ РАБОЧИЕ МЕСТА И ПОВЫШЕНИЕ ДОХОДОВ СЕЛЬСКИХ ЖИТЕЛЕЙ
Содействовать поддержке малого бизнеса, развитию предприятий по переработке сельскохозяйственной продукции и привлечению инвестиций для создания условий, обеспечивающих сельским жителям стабильный доход.
В рамках государственных мер поддержки помогать гражданам, ищущим работу, получать профессиональное образование и трудоустраиваться, а молодым предпринимателям — открывать и развивать собственное дело.
- ДОСТУПНАЯ И КАЧЕСТВЕННАЯ МЕДИЦИНА
Содействовать своевременному оказанию медицинской помощи жителям Байсерке и Коктерека, повышению доступности консультаций профильных специалистов и улучшению качества медицинского обслуживания в сельской местности.
Добиваться оснащения медицинских учреждений необходимым оборудованием и привлечения квалифицированных специалистов с использованием государственных мер поддержки.
- СОВРЕМЕННЫЕ ШКОЛЫ И КОМФОРТНЫЕ УСЛОВИЯ ДЛЯ ДЕТЕЙ
Содействовать улучшению материально-технической базы школ в сёлах Байсерке и Коктерек, созданию условий для безопасного передвижения учащихся по дороге в школу.
В 2027 году уделить приоритетное внимание приведению в порядок подъездных дорог к школам и пешеходных переходов, а также развитию детских игровых и спортивных площадок.
- СОЦИАЛЬНАЯ ЗАЩИТА И ПОДДЕРЖКА СЕМЕЙ
Оказывать содействие пожилым людям, семьям с детьми и гражданам с инвалидностью в обоих сёлах в получении положенной социальной помощи и государственных услуг.
Поддерживать инициативы, направленные на улучшение условий жизни нуждающихся в поддержке жителей и создание безбарьерной среды в общественных учреждениях.
- КАЧЕСТВЕННАЯ МОБИЛЬНАЯ СВЯЗЬ И ИНТЕРНЕТ
Содействовать обеспечению стабильной мобильной связи и интернета в Байсерке и Коктереке, расширению покрытия качественной сетью на всей территории сёл.
Поддерживать расширение возможностей жителей по использованию электронных государственных услуг и внедрение цифровых сервисов в сельских учреждениях.
- ЧИСТЫЕ И БЛАГОУСТРОЕННЫЕ СЁЛА
В рамках инициативы «Таза Қазақстан» содействовать благоустройству сёл Байсерке и Коктерек, увеличению зелёных насаждений и созданию комфортных зон отдыха для жителей.
Добиваться совершенствования системы сбора и своевременного вывоза мусора, поддержания чистоты территорий общего пользования.
Голос народа — главный ориентир моей работы!
Оправдать доверие конкретными делами — моя главная задача!
Все мои силы и усилия — на процветание родного края!
«Село — основа нашей самобытной цивилизации.
Развитие села — наш общий долг».
Президент Республики Казахстан К.К. Токаев
УВАЖАЕМЫЕ ИЗБИРАТЕЛИ!
Я, Ибрагимов Руслан Угуруевич, выдвигаю свою кандидатуру в депутаты от партии «ӘДІЛЕТ» по Байсеркенскому округу.
Я вырос в городе Астане, окончил школу-гимназию № 31. Затем получил образование в Соединённых Штатах Америки по специальности Business Administration — управление бизнесом.
Вернувшись в Казахстан, я основал компанию «Евро Бетон». Первый филиал мы открыли в Туркестане, а впоследствии запустили завод по производству железобетонных изделий.
Спустя четыре года мы приступили к строительству нового филиала в Байсерке. В дальнейшем создали собственную логистическую компанию и открыли ещё один завод по производству железобетонных изделий в Алматы.
Сегодня в нашей команде трудятся около 200 человек.
Предпринимательская деятельность научила меня грамотно планировать работу, рационально распоряжаться финансами, находить общий язык с людьми и нести ответственность за принятые решения.
Успех любого предприятия зависит прежде всего от людей, которые в нём работают. Поэтому для меня важно понимать, что за каждым рабочим местом стоит конкретный человек, благополучие его семьи и уверенность в завтрашнем дне.
Байсерке занимает особое место в моей профессиональной жизни. Именно здесь я приступил к развитию производства и установил прочные, долгосрочные связи с районом. Теперь я хочу направить накопленный опыт на решение общих проблем его жителей.
МОЯ ЦЕЛЬ
Внести вклад в создание благоприятных условий для жизни, работы, развития предпринимательства и воспитания детей в Байсеркенском округе.
Я убеждён, что развитие производства и предпринимательства должно сопровождаться повышением качества жизни населения.
Для этого необходимо системно заниматься вопросами дорожной инфраструктуры, водоснабжения, электроснабжения, общественного транспорта, образования и социальных услуг.
В случае избрания депутатом я намерен собирать и обобщать предложения жителей, определять приоритетные задачи и совместно с соответствующими учреждениями искать пути их решения.
При реализации каждой инициативы буду учитывать реальные возможности её осуществления, необходимый объём финансирования и сроки выполнения.
С уважением, Руслан Ибрагимов
Агитационные материалы
кандидатов финансируются из
республиканского бюджета



