Мәслихат-2026

ТАМАБЕК МҰХАМЕДСҰЛТАН НҰРҒАЛИҰЛЫ «ӘДІЛЕТ» партиясынан Іле аудандық  мӘслихатының депутаттығына кандидат № 21 бірмандаттық аумақтық сайлау округі

ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Туған жердің дамуы – әрқайсымызға ортақ міндет. Ауылдың болашағы тұрғындардың тұрмыс сапасымен, инфрақұрылымның жай-күйімен және өскелең ұрпаққа жасалған мүмкіндіктермен өлшенеді.
Бүгінде тұрғындарды толғандыратын жол, ауызсу, электр желілері, көше жарығы, арық жүйесі, спорт және демалыс орындары сияқты мәселелер нақты әрі жүйелі шешімді қажет етеді.
Менің мақсатым – ауыл тұрғындарының өзекті мәселелерін аудандық деңгейде көтеріп, оларды тиісті даму жоспарларына енгізуге, қаржыландыру мәселесін қарастыруға және кезең-кезеңімен шешуге ықпал ету.
Барлық мәселені бір күнде шешу мүмкін емес. Дегенмен әрбір өтініш пен ұсыныс назардан тыс қалмауы керек. Мен тұрғындармен тұрақты байланыс орнатып, көтерілген мәселелердің шешілу барысын бақылауға және атқарылған жұмыстар туралы ашық ақпарат беруге басымдық беремін.
Бірлесе әрекет етіп, ортақ жауапкершілік танытсақ, М. Түймебаев ауылын өмір сүруге, еңбек етуге және бала тәрбиелеуге қолайлы, көркейген әрі қауіпсіз мекенге айналдыруға үлес қоса аламыз.

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

Әділдік. Әр тұрғынға тең қарап, әр ауылдың мәселесіне жауапкершілікпен қарау.
Ашықтық. Халықпен тұрақты диалог орнатып, ұсыныстар мен өтініштерді назарда ұстау.

Жауапкершілік. Әрбір бастаманың орындалу барысын бақылап, нақты нәтижеге ұмтылу.

Адал еңбек. Ауылдың дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жұмыстарға күш салу.

Халық мүддесі. Тұрғындардың үнін естіп, олардың мәселелерін тиісті деңгейде көтеру.
М. Түймебаев ауылының болашағы – ортақ жауапкершілігіміз. Әрбір тұрғынның пікірі маңызды, әрбір өзекті мәселе назарға лайық. Туған жеріміздің дамуы үшін бірге еңбек етіп, ауылымыздың болашағына бірге үлес қосайық!

Сайлауға келіңіздер!

Маған дауыс беріңіздер!

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

Мен, Тамабек Мұхамедсұлтан Нұрғалиұлы, 1993 жылғы 15 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келдім. Алматы облысы Іле ауданы М. Түймебаев ауылының тұрғынымын.
Білімім – жоғары. 2015 жылы Қ. И. Сәтбаев атындағы Университетті (ҚазҰТЗУ) «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесімен тәмамдадым. 2017 жылы «Тұран» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесімен бітірдім.
2018 жылдан бастап ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп, шаруа қожалығымен айналысып келемін.
2023 жылдан бастап «Сырым» спорт клубының негізін қалаушы ретінде спортты дамытуға және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға атсалысып келемін.
2024 жылдың сәуір айынан бастап Ащыбұлақ ауылдық округінің «Алатау жастары» жастар бірлестігінің төрағасы қызметін атқардым. 2026 жылдың ақпан айынан бастап Іле ауданының «Алатау Жастары» жастар бірлестігінің төрағасы қызметін атқарып келемін.

Қазіргі таңда спортты дамыту, жастардың қоғамдық белсенділігін арттыру және жастар саясатын жүзеге асыру бағыттарында жұмыстар жүргізіп келемін.
Ауыл мен ауданның қоғамдық өміріне белсенді араласып, түрлі қоғамдық, спорттық және жастар іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге қатысамын.

Өзімді белсенді өмірлік ұстанымы бар, жауапкершілігі жоғары, бастамашыл және ұйымдастырушылық қабілеті қалыптасқан азамат ретінде санаймын.
Адамдармен тез тіл табысып, әртүрлі орта өкілдерімен тиімді қарым-қатынас орната аламын. Шешім қабылдауда жеделдік танытып, күрделі жағдайларда тиімді шешім табуға тырысамын.

Сыни ойлау қабілетім қалыптасқан, ұйымдастырушылық және көшбасшылық қасиеттерге иемін.
Алдағы уақытта да елдің қоғамдық өміріне белсенді араласып, жастар саясатын, спортты және ауылдық жерлердегі қоғамдық бастамаларды дамытуға өз үлесімді қосуды мақсат етемін.

Құрметпен, Мұхамедсұлтан Тамабек

2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

 НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

  1. ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ КӨЛІК

ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУ

Округ аумағынан Алматы қаласына қоғамдық көлік қатынасын реттеуге.
М. Түймебаев ауылындағы жол кептелісін азайту бойынша жұмыстар ұйымдастыруға.
М. Түймебаев ауылына қарасты саяжайларға кіреберіс жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізуге.
Жол жөндеу жұмыстарының тиісті даму жоспарларына енгізіліп, бюджеттен қаржыландырылуына ықпал ету.

  1. СУМЕН ЖӘНЕ ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ, КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Ауыл тұрғындарын сапалы әрі тұрақты ауызсумен қамтамасыз ету мәселесін бақылауда ұстау.
М. Түймебаев ауылындағы тозығы жеткен су құбырларын, сондай-ақ ауылдың жаңа құрылыс елді мекенін ауызсумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың дер кезінде жүргізілуіне атсалысу;

  1. ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫ

Өндірістік аймақта инфрақұрылымды дамыту арқылы ірі инвесторларға қолайлы жағдай жасауға.
Табысы күнкөріс деңгейінен төмен тұрғындардың табысын арттыруға арналған кешенді жұмыстар ұйымдастыруға.

  1. КӨШЕЛЕРДІ ЖАРЫҚТАНДЫРУ

М. Түймебаев ауылының ішкі көшелерін және ауылға кіреберістегі облыстық маңызы бар автомобиль жолының екі жағалауын жарықтандыру мәселесін көтеріп, көше жарық шамдарын орнатуға ықпал ету.
Елдімекендегі жарықтандырылмаған көшелерді кезең-кезеңімен жарықтандыру жұмыстарын жүргізуге, тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға және түнгі уақытта қозғалысқа қолайлы жағдай жасауға атсалысу.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА

М. Түймебаев ауылындағы дәрігерлік амбулаторияны заманауи медициналық жабдықтармен, ауыл тұрғындарын қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету барысын бақылау.
Осы мәселелерді шешу жолдарын қарастырып, ауыл тұрғындары үшін медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеу.

  1. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ

 КЕШЕНІН (ФОК) САЛУ

М. Түймебаев ауылында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу мәселесін көтеріп, жобаның тиісті жоспарларға енгізілуіне және қаржыландырылуына қол жеткізу.
Балалар мен жастардың спортпен тұрақты айналысуына қолайлы жағдай жасау.
М. Түймебаев ауылының Аптечная көшесіндегі орталық стадион маңында шағын аллея салу жобасын іске асыруға күш салу.

  1. МӘДЕНИ ЖӘНЕ РУХАНИ ДАМУ

М. Түймебаев ауылында Мәдениет үйінің салынуы мәселесін тиісті органдар алдында көтеріп, жобаның тиісті жоспарларға енгізілуіне және қаржыландыру мәселесінің қарастырылуына ықпал ету.
Ауыл тұрғындарына, жастарға және шығармашылық ұжымдарға мәдени іс-шаралар өткізуге қолайлы жағдай жасауға күш салу.
Сіздердің пікірлеріңіз – менің басты бағдарым!
Сенімдеріңізді адал еңбекпен ақтауға күш саламын!

 

Кандидаттардың үгіт-насихат материалдары республикалық бюджеттен

Қаржыландырылды

 

Кандидат в депутаты Илийского

районного маслихата

от партии «ӘДІЛЕТ»

ТАМАБЕК МУХАМЕДСУЛТАН НУРГАЛИЕВИЧ
 Одномандатный  территориальный

 избирательный округ № 21

ДОРОГИЕ ЗЕМЛЯКИ!

Развитие родного края – наша общая задача и ответственность каждого из нас. Будущее села определяется качеством жизни его жителей, состоянием инфраструктуры и возможностями, которые мы создаём для подрастающего поколения.

Сегодня такие актуальные вопросы, как состояние дорог, обеспечение питьевой водой, надёжность электросетей, уличное освещение, арычная система, наличие спортивных объектов и мест отдыха, требуют конкретных решений и системного подхода.

Моя главная цель – представлять интересы жителей села на районном уровне, добиваться включения наиболее актуальных вопросов в соответствующие планы развития, содействовать выделению необходимого финансирования и их поэтапному решению.

Я понимаю, что решить все проблемы за один день невозможно. Однако ни одно обращение и ни одно предложение жителей не должны оставаться без внимания. Особое значение я придаю постоянному диалогу с населением, контролю за ходом решения поднятых вопросов и открытому информированию о проделанной работе.

Убеждён, что только совместными усилиями, проявляя инициативу и общую ответственность, мы сможем сделать село М. Туймебаева благоустроенным, безопасным и комфортным местом для жизни, труда и воспитания детей. МОИ ПРИНЦИПЫ

Справедливость. Равное отношение к каждому жителю и ответственный подход к решению проблем каждого населённого пункта.

Открытость. Постоянный диалог с населением, внимательное отношение к предложениям и обращениям граждан.

Ответственность. Контроль за реализацией каждой инициативы и стремление к конкретным результатам.

Добросовестный труд. Последовательная работа, направленная на развитие села и повышение благосостояния его жителей.

Интересы населения. Умение слышать людей, отстаивать их интересы и поднимать волнующие вопросы на соответствующем уровне.

Будущее села М. Туймебаева – наша общая ответственность. Мнение каждого жителя имеет значение, а каждая актуальная проблема заслуживает внимания. Давайте вместе трудиться ради развития родного края и достойного будущего нашего села!

Приходите на выборы!

Голосуйте за меня!

УВАЖАЕМЫЕ ИЗБИРАТЕЛИ!

Я, Тамабек Мухамедсултан Нургалиевич, родился 15 апреля 1993 года в городе Алматы. Проживаю в селе М. Туймебаева Илийского района Алматинской области.

Имею высшее образование. В 2015 году окончил Казахский национальный исследовательский технический университет имени К. И. Сатпаева (КазНИТУ) по специальности «Государственное и местное управление», получив степень бакалавра. В 2017 году окончил университет «Туран» по специальности «Юриспруденция», также получив степень бакалавра.

С 2018 года работаю в сфере сельского хозяйства, занимаюсь ведением крестьянского хозяйства.

В 2023 году основал спортивный клуб «Сырым», деятельность которого направлена на развитие спорта и популяризацию здорового образа жизни среди молодёжи.

С апреля 2024 года занимал должность председателя молодёжного объединения «Алатау жастары» Ащыбулакского сельского округа. С февраля 2026 года являюсь председателем молодёжного объединения «Алатау Жастары» Илийского района.

В настоящее время активно работаю в направлениях развития спорта, повышения общественной активности молодёжи и реализации молодёжной политики.

Принимаю непосредственное участие в общественной жизни села и района, организации и проведении различных общественных, спортивных и молодёжных мероприятий.

Считаю себя инициативным и ответственным человеком с активной жизненной позицией и развитыми организаторскими способностями.

Умею находить общий язык с людьми, выстраивать конструктивные отношения с представителями различных сфер деятельности. Стремлюсь оперативно принимать решения и находить эффективные пути выхода из сложных ситуаций.

Обладаю навыками критического мышления, организаторскими и лидерскими качествами.

В дальнейшем намерен продолжать активное участие в общественной жизни, вносить свой вклад в развитие молодёжной политики, спорта и поддержку общественных инициатив в сельской местности.

С уважением, Мухамедсултан Тамабек

КОНКРЕТНЫЕ ОБЯЗАТЕЛЬСТВА

НА 2026–2031 ГОДЫ

  1. РЕМОНТ ДОРОГ И РАЗВИТИЕ

ТРАНСПОРТНОЙ ИНФРАСТРУКТУРЫ

Содействовать улучшению и упорядочению движения общественного транспорта между территорией избирательного округа и городом Алматы.

Инициировать проведение мероприятий, направленных на снижение транспортной загруженности и уменьшение дорожных заторов в селе М. Туймебаева.

Добиваться проведения ремонтных работ на подъездных дорогах к дачным массивам, относящимся к селу М. Туймебаева.

Содействовать включению мероприятий по ремонту дорог в соответствующие планы развития и выделению необходимых средств из бюджета.

  1. ОБЕСПЕЧЕНИЕ ВОДОЙ И ЭЛЕКТРОЭНЕРГИЕЙ, РАЗВИТИЕ КОММУНАЛЬНОЙ

ИНФРАСТРУКТУРЫ

Держать на постоянном контроле вопросы обеспечения жителей села качественной питьевой водой и стабильного водоснабжения.

Содействовать своевременному проведению работ по замене изношенных водопроводных сетей в селе М. Туймебаева, а также обеспечению питьевой водой новых жилых массивов.

  1. СОЗДАНИЕ НОВЫХ РАБОЧИХ МЕСТ И

ПОВЫШЕНИЕ ДОХОДОВ СЕЛЬСКИХ

ЖИТЕЛЕЙ

Содействовать развитию инфраструктуры производственной зоны и созданию благоприятных условий для привлечения крупных инвесторов.

Инициировать комплексные мероприятия, направленные на повышение доходов жителей, чей уровень материального обеспечения находится ниже прожиточного минимума.

  1. УЛИЧНОЕ ОСВЕЩЕНИЕ

Поднимать вопрос освещения внутренних улиц села М. Туймебаева, а также обеих сторон автомобильной дороги областного значения на въезде в населённый пункт, содействовать установке уличных осветительных приборов.

Добиваться поэтапного проведения работ по освещению улиц, где оно отсутствует, способствовать повышению безопасности жителей и созданию комфортных условий для передвижения в тёмное время суток.

  1. ДОСТУПНАЯ И КАЧЕСТВЕННАЯ

МЕДИЦИНСКАЯ ПОМОЩЬ

Контролировать вопросы оснащения врачебной амбулатории села М. Туймебаева современным медицинским оборудованием, а также обеспечения жителей необходимыми лекарственными препаратами.

Рассматривать возможные пути решения существующих проблем и разрабатывать конкретные предложения, направленные на повышение качества и доступности медицинских услуг для сельского населения.

  1. СТРОИТЕЛЬСТВО ФИЗКУЛЬТУРНО-

ОЗДОРОВИТЕЛЬНОГО КОМПЛЕКСА (ФОК)

Инициировать вопрос строительства современного физкультурно-оздоровительного комплекса в селе М. Туймебаева, добиваться включения проекта в соответствующие планы развития и обеспечения его финансирования.

Содействовать созданию благоприятных условий для регулярных занятий физической культурой и спортом среди детей и молодёжи.

Прилагать усилия для реализации проекта строительства небольшой аллеи возле центрального стадиона по улице Аптечная в селе М. Туймебаева.

  1. КУЛЬТУРНОЕ И ДУХОВНОЕ РАЗВИТИЕ

Поднимать перед уполномоченными государственными органами вопрос строительства Дома культуры в селе М. Туймебаева, содействовать включению проекта в соответствующие планы развития и рассмотрению вопроса его финансирования.

Прилагать усилия для создания необходимых условий для проведения культурных мероприятий, развития творческих коллективов и организации содержательного досуга жителей села, особенно молодёжи.

Ваше мнение – главный ориентир в моей работе!

Приложу все усилия, чтобы оправдать ваше доверие честным и добросовестным трудом!

Агитационные материалы

кандидатов финансируются из

 республиканского бюджета

Басқа жаңалықтар

Back to top button